Институт туралы

Қызмет


Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуын, сонымен қатар ел экономикасы салаларының бөліністегі дамуын зерттеу

  • Институтпен Елдің 2020 жылға дейінгі аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасы әзірленген.
  • Аумақтық-салалық даму бойынша зерттеу шеңберінде Институтпен әдістеме әзірленіп, жергілікті атқарушы органдарға 5 жылдық мерзімге арналған Аумақтарды дамыту бағдарламаларын әзірлеу бойынша жәрдем көрсетілген.
  • Институттың қызметкерлері әзірленген және әзірленіп жатқан салалық бағдарламалар бойынша сараптамалық қорытындыларды әзірлеуге белсене араласып жатыр.


ҚР инвестициялық үдерістерді басқару жүйесін әдістемелік және талдамалық сүйемелдеу

  • Институт Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын, Индустрияландыру картасын, Өндірістік қуаттарды орналастыру схемасын негізгі әзірлеушісінің бірі болып келген.
  • Бағдарлама шеңберінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды мониторингілеу мақсатында 2009 жылы Институтпен Қазақстан Республикасыда инвестициялық үдерістерді басқару әдістемесі әзірленген.


Ең жаңа IT-технологияларды пайдалана отырып елде және әлемде экономикалық үдерістерді жүйелі мониторингілеу және жедел әрекет ету шаралары бойынша ұсыныстарды әзірлеу

  • Институтта Қазақстан Республикасының салалары мен өңірлерінде экономиканы мемлекеттік реттеудің жүйелі және жедел шараларын қолдау үшін ақпараттық-талдамалық жүйе әзірленіп.
  • Экономикалық үдерістерге жасалатын мониторинг Қазақстан экономикасының дамуын қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңде макроэкономикалық талдау, болжау, макроэкономикалық саясатты іске асыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.


Мемлекеттік басқару саласындағы зерттеулер

  • Орталық және жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесінің тиімді қызметі үшін стратегиялық және жедел жоспарларды әзірлеуде әдіснамалық жәрдем көрсету мақсатында Институтпен нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізудің әдіснамалық базасы әзірленген.
  • Мемлекеттік жоспарлау жүйесі (МЖЖ) бойынша реформа шеңберінде орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары (СЖ) және Жедел жоспарлары (ЖЖ) әзірленген.


Заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау және ғылыми-экономикалық сараптау

  • Институт қызметіндегі аталған бағыт перспективада басым бағыттардың бірі болып табылады.
  • Аталған зерттеу шеңберінде Қазақстан Республикасының заң жобаларын әзірлеу кезінде әлеуметтік-экономикалық салдарларды бағалауда ортақ әдістерді әзірлеу мақсатында Институтпен Қазақстан Республикасы заң жобаларының әлеуметтік-экономикалық салдарларын бағалау бойынша Әдістемелік ұсыныстар және Паспорт әзірленген болатын.


Халықаралық ғылыми зерттеулерді өткізу, әлемдік ғылыми қоғамдастықа ықпалдасу

  • Институт жетістіктерінің біріне 2007 жылы Қазақстанның бәсекеге қабілеттілік деңгейін Менеджментті дамыту институтының әдістемесі (IMD) бойынша бағалауды бастағанын айтуға болады.
  • Mемлекет басшысының Еуразиялық ғалымдар клубын құру туралы бастамасын іске асыру мақсатында 2008 жылы Институт.
  • «Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы» ассоциациясының шеңберінде жыл сайын өткізілетін Астана экономикалық форумын ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыс жүргізілген.

Халықаралық ұйымдарға мүшелік