Экономикалық зерттеулер институты» АҚ қызметінің айқындығын және тиімділігін арттыруды қамтамасыз ету мақсатында корпоративтік басқару элементтерін енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Жалғыз акционердің:

  • 2010 жылғы 22 маусымдағы № 89 шешімімен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның Корпоративтік басқару кодексі бекітілді;
  • 2010 жылғы 27 тамыздағы № 462-ж шешімімен «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ережесі бекітілді;

Бұдан басқа:

  • «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының басшы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, сыйақы төлеу және материалдық көмек көрсету жүйесі туралы ереже;
  • «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның корпоративтік хатшысы туралы ереже;
  • қызметтік және коммерциялық құпиядан тұратын ақпарат тізбесі;
  • «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның есептік саясаты;
  • «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ қызметкерлері іскерлік этикасының кодексі;
  • «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының атқарушы органдарымен корпоративтік хатшының өзара іс-қимыл регламенті;
  • «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-ның ішкі аудит қызметі туралы ереже;
  • «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да ішкі аудитті ұйымдастыру саясаты бекітілді.

«Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының корпоративтік басқару кодексі

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ қызметкерлері іскерлік этикасы кодексі