2018 жылғы 11 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Президентінің қатысуымен бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингісінің қорытындысы бойынша Арнайы сыйлықпен салтанатты марапаттау рәсімі өтті
  • 12.12.2018
  • 49

2018 жылғы 11 желтоқсанда Астана қаласында ҚР Президентінің қатысуымен бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингісінің қорытындысы бойынша Арнайы сыйлықпен салтанатты марапаттау рәсімі өтті

  Мемлекет Басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында берген тапсырмасын орындау үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Кәсіпкерлікті дамыту орталығымен бірлесіп 2017 жылдан бастап бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалардың рейтингін жүргізуде.

  Бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалардың рейтингін жүргізу жөніндегі әдістемеге (бұдан әрі – Әдістеме) сәйкес бағалау екі деңгейде жүргізілді: өңірлік – 14 облыс пен Астана, Алматы және Шымкент қалалары және аудандық – 160 аудан мен облыстық маңызы бар 37 қала (облыстардың әкімшілік орталықтарын қоса алғанда)

  Рейтинг ресми статистиканың объективті деректеріне де, сауалнаманың субъективті деректеріне де негізделеді.

  Мәселен, Әдістемеге сәйкес өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалар үшін 13 статистикалық көрсеткіш және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалар (облыстардың әкімшілік орталықтарын қоса алғанда) үшін 4 статистикалық көрсеткіш қарастырылған.

  Сондай-ақ, әлеуметтік сауалнама әдісімен бағаланатын 5 фактор қарастырылған: реттеушілік ахуал, инфрақұрылым, бизнес үшін мемлекеттік қолдаудың қолжетімділігі, адами капитал, қабылданатын шешімдердің транспаренттілігі.

  2017 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған ең үздік өңір деп Қызылорда облысы танылды.

  2017 жылғы рейтинг қорытындысы бойынша бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасаған үздік аудан деп Батыс-Қазақстан облысының Теректі ауданы танылды.

 фото из Офицального сайта Президента Республики Казахстан akorda kz.jpg

http://economy.gov.kz/kk/news/2018-zhylgy-11-zheltoksanda-astana-kalasynda-kr-prezidentinin-katysuymen-biznes-zhurgizu

Возврат к списку