Why Think Tanks Matter 2018 әлемдік форум шеңберіндегі «Қазақстандағы талдамалық орталықтар рөлі» тақырыбындағы конференция
  • 30.01.2018
  • 172

Why Think Tanks Matter 2018 әлемдік форум шеңберіндегі «Қазақстандағы талдамалық орталықтар рөлі» тақырыбындағы конференция



              123.png  333.jpg   123.jpg  Фонда первого президента2.jpg  222.jpg



    Пенсильвания Университетінің (АҚШ) жанындағы Талдамалық Орталықтар және Азаматтық Қоғам Халықаралық Бағдарламасы  (Think Tanks and Civil Society Program) жыл сайын Global Go To Think Tanks Index Жетекші талдамалық орталықтардың жаһандық рейтингісі таныстырылымына арналған әлемдік форум өткізеді.

      Осы жылдың әлемдік форумы әлемнің 100-ден астам қалаларындағы 160-тан астам ұйымды біріктірді, олар талдамалық орталықтар мәнінің тақырыбына арналған түрлі іс-шараларды бір уақытта ұйымдастырды.

     Аталған форум бастамасымен Қазақстанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің жанындағы Экономикалық зерттеулер институты Елбасы – Тұнғыш Президент Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтымен бірігіп 2018 жылғы 30 қаңтарда «Назарбаев Орталығында» «Қазақстандағы талдамалық орталықтар рөлі» тақырыбында конференция (бұдан әрі – Конференция) өткізді.

    50-ге жуық ұйым – жетекші талдамалық орталықтар, талдамалық ұйымдар мен зерттеу институттары, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, сондай-ақ Қазақстандағы халықаралық ұйымдар Конференция қатысушылары болды.

   Конференцияның негізгі бөлігі Қазақстанда талдамалық орталықтар қызметі мен дамуының ең өзекті мәселелерін қарауға арналған панельдік пікір-талас болды. Панельдік сессияның модераторы «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының директоры Р.С.Ошақбаев болды.

     Панельдік сессияның спикерлері:

- «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығының директоры Ю.В. Кучинская;

- Елбасы – ҚР Тұнғыш Президенті Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының өкілдері Р.Ю. Изимов және С.А. Домнин;

- Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы Жобалық кеңсесінің Вице-президенті Т.Н. Балкияев;

- Қазақстандағы McKinsey & Company Басқарушы әріптесі Йохен Бербнер;

- Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары М.М. Нургалиева;

- «Кипр» талдамалық тобының жетекшісі және «Финтех» Қазақстандық Қауымдастығының Атқарушы директоры Е.В. Смайлов;

- Стратегиялық бастамалар орталығының Атқарушы директоры Е.С. Жаркешов;

- «Қоғамдық мәселелерді талдау орталығы» қоғамдық қорының директоры М.М. Махмутова.

     Конференцияның мақсаты талдамалық орталықтардың құрылымдық диалог және ынтымақтастық жүргізу алаңын құру болды, аталған алаңда олар өзекті мәселелерді шешуде идеялармен, әдістермен және стратегиялармен еркін бөлісе алады.

  Конференцияның қорытындылары бойынша Экономикалық зерттеулер институты Елбасы – Тұнғыш Президент Қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтымен және Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды. «Нұр Отан» партиясының Саяси талдау және стратегиялық зерттеулер орталығымен, сондай-ақ «Зерде» ұлттық ақпараттық-коммуникациялық орталығымен ұқсас меморандумдарға қол қою күтіледі.

Возврат к списку