Анонс
  • 06.06.2018
  • 48

Анонс

   «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бүгінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігімен бірігіп Мемлекет басшысы 2018 жылғы 24 мамырда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметтің реттелуін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын (бұдан әрі – Заң) түсіндіру бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлайды.

 

     Заңның нормалары мен ережелерін түсіндіру мақсатында бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары жоспарланған:

1.                Ағымдағы жылғы 8 маусым – Павлодар қ. (Павлодар, Шығыс Қазақстан облысы);

2.                Ағымдағы жылғы 15 маусым – Көкшетау қ. (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы);

3.         Ағымдағы жылғы 20 маусым – Алматы қ. (Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысы);

4.                Ағымдағы жылғы 22 маусым – Ақтөбе қ. (Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облысы);

5.                Ағымдағы жылғы 27 маусым – Астана қ. (Қарағанды облысы).

 

         Іс-шараның спикерлері ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Бас прокуратураның өкілетті тұлғалары болып табылады. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және бизнес-қауымдастықтар өкілдерінің қатысуы жоспарланып отыр.

 

         Қызығушылық танытқан жағдайда +7(7172)701790 немесе 8(771) 3756594 телефондары арқылы, сондай-ақ D.Mukusheva@economy.kz электрондық мекенжайы бойынша қатысуыңызды растауды сұраймыз (байланысушы тұлға: Мукушева Динара).

 

Возврат к списку