БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ
  • 18.07.2018
  • 1

БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ

    2018 жылғы 18 шілдеде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелері жөніндегі департамент өкілі Намсук Ким мырзамен кездесу өтті.

    Кездесу барысында Намсук Ким мырза Қазақстанда және басқа елдерде 2030 жылға дейінгі тұрақты даму саласында күн тәртібіне қол жеткізу мақсатында «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асырудың әлеуетті әсерлерін бағалауға бағытталған зерттеу жобасын ұсынды. 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттары 17 жаһандық мақсатты және 169 тиісті міндетті қамтиды. Жоба макроэкономикалық болжамдау және модельдеудің тиімді әсерлерін қолдану арқылы мемлекеттік деңгейде тиімді шаралар мен шешімдерді қабылдауға жәрдемдеседі.     

  Жүргізілген кездесу қорытындылары бойынша «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен ынтымақтастық жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.

Возврат к списку