БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ
  • 19.07.2018
  • 1

БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ

  2018 жылғы 19 шілдеде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да Азия даму банкінің өкілдерімен кездесу өтті.

   Іс-шараға ғылыми зерттеушілер д-р Лу Фэн, профессор, Пекин университетінің Макроэкономикалық зерттеулер орталығының директоры, д-р Ли Синь, доцент, д-р Лиу Сяогуанг, доцент, д-р Ли Юаньфан, ғыылми қызметкер қатысты.

   Іс-шараның негізгі мақсаты Қытай Халық Республикасы және Қазақстанды қоса алғанда Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастықтың басқа да мүше елдері арасында ынтымақтастықты тиімді басқару шеңберінде талдау жүргізу болып табылады.  

   Талқылау барысында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты мәселелер, нақты айтқанда, өнеркәсіптің перспективалы даму бағыттары, тікелей шетел инвестицияларын тарту және өзара сауданы дамыту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар білікті кадрларды даярлау, кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін, сонымен қатар іске асырылып жатқан бағдарламалық құжаттар шеңберінде тиісті мемлекеттік қолдау шараларын талқылады.

    Жүргізілген кездесу қорытындылары бойынша тараптар жоғарыда аталған мәселелер бойынша бір-біріне консультациялар беруге келісті.

00004.jpg
Возврат к списку