БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ
  • 07.09.2018
  • 35

БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ

ҚР Ұлттық экономика министрінің брифингі

    2018 жылғы 7 қыркүйекте Стратегиялық әзірлемелер орталығының директоры Хамбар Бақытгүл Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің брифингіне қатысты. 

  Баспасөз конференциясында 2025 жылға дейін дамудың стратегиялық жоспары шеңберінде экономикалық өсудің жаңа үлгісін жүзеге асыру туралы айтылды.

  Министрдің айтуынша, сыртқы экономикалық тәуекелдерге қарамастан Қазақстан дүниежүзінің 30 дамыған мемлекеттер қатарына кіруге курсына жалғастырады.

  Сондай-ақ, брифинг барысында Тимур Сүлейменов журналистерге оларды қызықтыратын сұрақтар бойынша жауап берді.

  Сол күні Стратегиялық әзірлемелер орталығының директоры Хамбар Бақытгүл және Стратегиялық әзірлемелер орталығы директорының орынбасары Баян Серікқызы 24.kz арнасы үшін сұхбат берді. Сұхбат барысында Б. Хамбар экономикалық өсудің жаңа үлгілері туралы, жаңа үлгіні жүзеге асыруда адами капиталдың рөлі жайлы айтты. Сонымен бірге жүйелік өзгерістердің үйлесімділігі мен мемлекет дамуының басым бағыттары жөнінде түсініктеме берді. 

  Баян Серік қызы сол сияқты жаңа экономикалық үлгінің басым бағыттары жайлы айтып, 7 жүйелік реформаларға түсініктеме берді.


Возврат к списку