Баспасөз-парағы
  • 22.10.2018
  • 95

Баспасөз-парағы

 2018 жылғы 17-18 қазанда ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ және «Стратегиялық бастамалар орталығы» ЖШС қызметкерлерінің Куала-Лумпур мен Путраджая қалаларында Малайзияның мемлекеттік органдарымен және консалтинг компаниясымен іскерлік кездесулері өтті.

 Аталған кездесулердің негізгі мақсаты Малайзия мысалында стратегиялық және бюджеттік жоспарлауды байланыстыру тетіктерін талқылау болды.

 Ағымдағы жылғы 17 қазанда қазақстандық сарапшылар Малайзия Премьер-Министрі кеңсесінің (ICU) «Іске асыру мен үйлестіру жөніндегі бөлімшенің» Бас хатшысының орынбасары Шахразат Ахмад ханыммен және Қаржы министрлігі Корпоративтік және бюджеттік стратегия департаментінің директоры Дато Зафир Ибрагиммен кездесу өткізді.

 Кездесу барысында тараптар бағдарламалық құжаттарды мониторингтеу және мемлекеттік жұмысшылар қызметінің тиімділігін бағалау, қаржылық бақылау құралдарын жетілдіру тетіктерін әзірлеу саласындағы мәселелерді талқылады, сондай-ақ бюджет процесін қалыптастыру әдістемесі туралы ақпаратпен алмасты.

 Ағымдағы жылғы 18 қазанда «PEMANDU Associates» вице-президенттері Тенгку Азиан және Ку Кок Пенгпен кездесу өтті, кездесу шеңберінде Қазақстан өкілдері «Түйінді нәтижелерге жылдам қол жеткізу» (BFR, Big Fast Results) және «6 трансформация құпиясы» (6 Secrets of Transformation) тұжырымдамаларымен танысты. Аталған әдіснамалардың мемлекеттік пен жеке секторлардың, сондай-ақ Малайзияның мемлекеттік даму бағдардамаларын іске асыруда қоғамның тиімді өзара әрекет ету тетіктері болып табылатыны айтылды. Онымен қоса, олар іскерлік орта мен қоғамның мемлекеттік органдармен көрсетілетін қызметтердің сапасын мониторингтеудің әрекетті құралдарын әзірлеуге және түйінді тиімділік көрсеткіштеріне (KPI) қол жеткізуге белсенді қатысу үшін мүмкіндік жасайды.

 Пікір-талас барысында тараптар қойылған стратегиялық мақсаттарды енгізу бойынша әдіснаманы әзірлеу саласында пікірмен алмасты.

Возврат к списку