Баспасөз-парағы
  • 12.11.2018
  • 38

Баспасөз-парағы

Ағымдағы жылғы 8 қарашада «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (бұдан әрі – Институт) қызметкерлерінің Лозанна, Швейцарияда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (бұдан әрі - IMD) өкілдерімен кездесуі өтті. 2008 жылдан бастап Институт жыл сайынғы бәсекеге қабілеттілік рейтингін қалыптастыру бойынша IMD-дың Қазақстандағы ресми серіктесі болып табылады.

Сапардың негізгі мақсаты Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы ақпарат ұсыну, рейтингті қалыптастыру әдіснамасын талқылау және IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығымен одан әрі ынтымақтастық орнату болып табылады.

  Кездесуге IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығының өкілдері Бас экономист және операциялық бөлім басшысы Х. Каболис мырза, Зерттеу жобалары жөніндегі басшы орынбасары У. Милнер мырза және Зерттеулер мен онлайн-сервистер жөніндегі маман М. Хедиджер ханым қатысты.

  Кездесу барысында Институт Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оның ішінде, экономикалық саясат, институтционалдық реформалар, әлеуметтік саясат саласында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалар бойынша жүргізілген шараларды ұсынды. Онымен қоса, «Қазақстан-2050» Стратегиясы, Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары сияқты қабылданған және іске асырылған стратегиялық және бағдарламалық құжаттар, индустриялық-инновациялық даму, экспорттық және инвестициялық саясат, инфрақұрылымдық даму, экономиканы цифрлендіру, бизнесті дамыту, денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілік жөніндегі рейтингілерге қатысу маңыздылығы туралы ақпарат ұсынылды.

  Сондай-ақ рейтингті жасаудың әдіснамалық сипатындағы мәселелерді, нақты айтқанда, басқа елдермен салыстыру, ұлттық дереккөздерден көрсеткіштерге, дерекқорларға сұрау салу, рейтинг әдіснамасында жоспарланып жатқан өзгерістер және т.б. талқыланды.

  Кездесу барысында Институт пен IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілік орталығы арасында Қазақстаның келесі жылдың бәсекеге қабілеттілік рейтингіне қатысуына қатысты келісімге қол қойылды.

Возврат к списку