Баспасөз-парағы
  • 19.11.2018
  • 33

Баспасөз-парағы

   2018 жылғы 19-20 қарашада Астана қаласында «Қазақстан Республикасында әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды бағалау» Бірінші ұлттық конференциясы өтті. Аталған іс-шараның негізгі ұйымдастырушылары Азаматтық Қоғамды Дамыту Қауымдастығы, Бағалау жөніндегі мамандардың қазақстандық желісі, ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстанның Ұлттық бюджет желісі болды.

  Конференцияға Орталық Азияның, ТМД-ның бағдарламаларды бағалау саласындағы мамандар мен сарапшылар, мемлекеттік органдардың, министрліктердің, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері қатысты.

  Конференция Қазақстанда алғаш рет өткізіліп жатыр және әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды бағалауға арналған. Конференция бағдарламасы әлеуметтік жобалар мен бағдарламаларды бағалаумен байланысты түрлі тақырыптарды қамтыды:

- мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс – азаматтық қоғам ұйымдарының және мемлекеттің өзара іс-қимыл тетіктері: заманауи шарттар мен тәсілдер;

- қаланың тұрақты дамуы және даму процестерінің өзгеруі;

- әлеуметтік жобалауда және жобалар мен бағдарламаларды бағалауда жүйелік танымды пайдалану;

- халықаралық даму бағдарламаларындағы бағалау тәсілдері мен тәжірибесі және басқасы.

Пленарлық сессияда «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Басқарма Төрағасы Ерлік Қаражан сәлемдесу сөзімен сөйледі. Е.Қаражан Қазақстандағы бағалау жүйесінің құрылуы, сондай-ақ Институттың аталған процеске қатысуы туралы айтып берді. Ол бағалау нәтижелерін практикада пайдаланудың маңыздылығы туралы айтып кеткен болатын.

  Сондай-ақ, аталған конференция шеңберінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Стратегиялық әзірлемелер орталығының қызметкерлері «Қазақстан Республикасында мемлекеттік бағдарламаларды бағалау әдістемесі» семинарын өткізді. Семинар теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды.

 Стратегиялық әзірлемелер орталығының директоры Бақытгүл Хамбар Қазақстандағы Мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі бағалаудың рөлі туралы айтып берді және мемлекеттік бағдарламаларды бағалау әдістемесін түсіндірді.

   Семинардың екінші бөлімінде Стратегиялық әзірлемелер орталығының жетекші сарапшысы Қымбат Ахметжанова қатысушылармен практикалық сабақ өткізді. Семинар қатысушылары Қ.Ахметжанованың басшылығымен мемлекеттік бағдарлама мысалында бағалау жүргізді.

   Семинар қорытындылары бойынша қатысушыларға сертификаттар берілді.

 IMG_7555-21-11-18-14-31.jpg

Е. Қаражанның сұхбатына сілтеме:

https://www.facebook.com/PartnershipforInnovations/videos/558327204589896/

Возврат к списку