«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
  • 20.03.2018
  • 300

«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

   2018 жылғы 20 наурызда ҚР ҰЭМ «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы жариялаған бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру жөніндегі пікірлер мен ұсыныстарды ойластыру.

   Аталған іс-шараға банк пен ғылыми саланың, бизнес-қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

   Пікірталас барысында қазақстандықтарды тұрғын үймен қамту, азаматтардың салық жүктемесін азайту, жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, студенттердің жағдайын жақсарту, шағын несиелеуді және елді газбен қамтуды дамытудың негізгі аспектілері мен түйткілді мәселелері талқыланды.

 

   Бірінші бастама – баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін талқылау аясында сарапшылар бүгінде жоғары баға мен тапшылық жағдайында арзан және сапалы тұрғын үйге қол жеткізу біздің қоғамымыздағы ең бір өткір мәселенің бірі болып отырғандығын атап көрсетті. Ал «7-20-25» бастамасын орындау еліміздегі тұрғындардың басым көпшілігінің баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Бастаманы жүзеге асыру, сондай-ақ, құрылыс, құрылыс материалдары өндірісі, қызмет көрсетулер мен сауда саласы сынды экономиканың маңызды салаларына да қатысты болмақ.

   Сарапшылар аталған бастаманы жүзеге асыру Қазақстанның сапалы тұрғын үймен қамтудың әлемдік стандарттарына жақындауына мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті.

   Сонымен бірге «7-20-25» бастамасын жүзеге асыру кезіндегі өңірлік аспектіні есепке алудың қажеттігі де айтылды. Өлшемдерді белгілеу кезінде өңірлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен төлем қабілеттілігі сұранысына орай саралау тәсілін пайдаланған жөн. 

   Сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында көпшілікке арналған құрылыс салудың жаңа стандарттары мен типтік жобасын енгізу мүмкіндігін қарастыру орынды болмақ.  

 

   Екінші бастама бойынша сарапшылар жалақысы төмен жұмысшылардың салық жүктемесін азайту оларды салық ауыртпалығын оңтайландыруды ынталандыратындығын атап өтті. Аталған бастама тұрғындардың бір тобының сұранысын арттырады да, тұтас алғанда, экономикаға оң әсер ететін болады.   

   Сарапшылардың пікірінше, прогрессивтік шкаланы енгізу егжей-тегжейлі зерттеуді талап етеді. Осыған байланысты, ЭЗИ сарапшылары жеке табыс салығы бойынша салық түсімдерінің құрылымы, қазақстандық жалдамалы жұмысшылардың еңбекақысы деңгейінің үлестірілімі, Лоренц қисығы негізінде еңбекақы үлестірілімі деңгейін бағалауды таныстырды. Тұтас алғанда, сарапшылар әлеуметтік әділеттілік ұстанымы сақталған жағдайда бастаманы жүзеге асыру салық мәдениетінің деңгейін көтеруге ықпал ететіндігін атап көрсетті.

 

   Үшінші бастама – жоғары білімнің қолжетімділігі мен сапасын арттыру бойынша сарапшылар гранттардың санын көбейту, оның ішінде техникалық мамандықтарға оқытудың нәтижесі, өндірістегі кадрлық құрамның, әсіресе, инженерлік-техникалық жұмысшылардың  жасаруына, жастар арасында жұмыссыздықтың азаюына ықпал ететіндігін атап көрсетті. Бұдан басқа, «милы бастардың жылыстауы» тәрізді түйткілді мәселенің негізгі шешімі болмақ.

   Білім беру қызметінің сапасын арттырудың ажырамас бөлігі студенттерді орналастыру үшін сапалы инфрақұрылым қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты, сарапшылар студенттер жатақханасын салу бастамасын қабылдаудың толғағы жеткен мәселе екендігін атап өтті.

 

   Төртінші – шағын несиелеуді көбейту бастамасын талқылау аясында сарапшылар кәсіпкерлік үшін қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыру үшін, бірінші кезекте, пайыздық мөлшерлемені азайту мен шағын несиелеу мерзімін ұлғайтудың қажеттігін атап көрсетті.

   Сонымен қатар, шағын несиелеуді жылдам арттыру үшін кезең-кезеңмен орындалатын лайықты жүйеленген іс-әрекет тәсілі қажет. Бірінші кезеңдерде, бәлкім, салыстырмалы тұрғыда жеңіл несилік жүйені құру қажет болар, негізінен, бұл ретте шағын несиелеудің стандарттық пакетіне көбірек көңіл аударылуы мүмкін. Кейінірек, бұдан гөрі, түрлі тауашалы нарықтардың сұранысын есепке алатын әралуан қызметтер енгізілуі мүмкін.

   Бесінші – елді газбен қамтамасыз ету бастамасы бойынша, сарапшылар газ құбырының құрылысы қызмет көрсету саласының дамуына қосымша серпін беретіндігін, өңірлердегі жұмыссыз халықты тұрақты жұмыс орнымен қамтуға, жаңа кәсіп игеруге әкелетіндігін атап көрсетті. Бұл ретте өңірлерді газбен қамтамасыз ету өңіраралық байланыстардың нығаюы мен облыстардың арасындағы экономикалық айналымның өсуіне, газ өндіру мен тұтынудың артуына алып келмек. Ал ол өңірлік экономиканың ахуалына оң әсер етеді.

   Пікір алмасуға ҚР Тұңғыш Президенті қорының жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының,  «Талап» қолданбалы зерттеулер орталығының, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының,  ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы академиясының, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілдері  қатысты. и физ. 

Возврат к списку