«Интервью» для выпуска новостей на  телеканале «Хабар»
  • 22.10.2018
  • 70

«Интервью» для выпуска новостей на телеканале «Хабар»

 Тема интервью: «Салық амнистиясы»

 2018 жылғы 15 қазанда Кәсіпкерлікті дамыту орталығы директорының міндетін атқарушы Ақынбекова Динара «Хабар» телеарнасындағы жаңалықтар топтамасына сұхбат берді.

 Сұхбат барысында Ақынбекова Динара өз сөзінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық амнистиясын енгізілетіндігі туралы атап өтті.

 Бұл шара кәсіпкерлерге өз өндірісін ұлғайтып, жұмыс орындарының санын арттыруға мүмкіндік береді.

 Қазір 66 933 шағын және орта бизнес субъектісінің жиналып қалған қарызы бар.

 Шағын және орта бизнестің қазіргі кездегі қарызы 152,8 млрд. теңгені құрайды (2018 жылдың 1 қаңтарына дейін жиналып қалған және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін өтелмеген қарыз).

 Оның ішінде, негізгі қарыз көлемі 80,3 млрд. теңгені құрайды, ал қалғаны өсімпұл (59,5 млрд. теңге) мен айыппұлдың (13 млрд. теңге) есебінде.

 Салық амнистиясы адал қызмет ететін шағын және орта бизнес субъектілеріне таралады. Егер берешегі бар 2019 жылдың 31 қаңтарына дейін негізгі қарызды өтеген жағдайда, өсімпұл мен айыппұл есептен шығарылады.

 Амнистияға ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделетін тауар өндірушілер және жалған кәсіпорындар ілінбейді.

 Әрине, бұл тек бизнес үшін ғана, емес сонымен қатар мемлекет үшін де өте тиімді шара.

 Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, салықтық амнистия бюджетті толтырудың және экономикалық дамуды жеделдетудің тиімді құралы бола алады.


 http://khabar.kz/kz/zhanalyktar-kz/item/108107-16-azan-2018-zhyl-12-00-zha-aly-tar-toptamasy

Возврат к списку