• 22.06.2016
  • 417

Орталық Азия талдамалық орталықтарының даму форумы

2016 жылғы 20-21 маусымда Экономикалық зерттеулер институты, ҚР Ұлттық экономика министрлігі Орталық Азия елдерінің билік органдары өкілдері, сарапшылар және ғалымдар арасында өңірлік экономикалық ынтымақтастықты нығайту, өзара оқыту және проблемаларды бірігіп шешу мақсатында Азия даму банкімен бірге ОАӨЭЫ Институтымен ұйымдастырылған Орталық Азия талдамалық орталықтарының І даму форумын өткізуге жәрдемдесті. Форумға 100-ге жуық делегат, оның ішінде, ОАӨЭЫ Бағдарламасының 10 қатысушы-елінің билік органдары мен талдамалық орталықтар өкілдері, АДБ өкілдері, қаржы, экономика, көлік, энергетика және сауда саласындағы танымал ғалымдар қатысты. Олар ОАӨЭЫ ынтымақтастығының режимі мен даму мүмкіндіктеріне қатысты пікір алмасты, сондай-ақ талдамалық орталықтар желісін құру маңыздылығын талқылады. Форумға мынадай халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты: БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ), Дүниежүзілік банк және Еуропалық қалпына келтіру мен даму банкі (ЕҚКДБ)
Возврат к списку