БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ
  • 14.09.2018
  • 36

БАСПАСӨЗ-ПАРАҒЫ

  13-14 қыркүйекте «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да Болжамды схема жобасын әзірлеу шеңберінде мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың және ұлттық басқарушы холдингтердің қатысуымен елді аумақтық-кеңістікте дамытудың негізгі қағидаттары мен бағыттарының мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.

  Семинарға ҚР Ұлттық экономика министрлігінің вице-министрі А.Н.Жұмағұлов, Өңірлерді талдау мен бағалау департаментінің директоры А.А.Байтөкенова, Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының ғылыми жетекшісі Ж.А.Күлекеев, Ракурс Консалтинг Групп басқарушы серіктесі Д.Х.Қыдырбаев, Экономикалық зерттеулер институты АҚ Басқарма Төрағасының м.а. Б.Ғ.Мұқан қатысты.

  Екі күннің ішінде орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық басқарушы холдингтердің қызметкерлері елді аумақтық-кеңістікте дамытудың негізгі бағыттарымен, сондай-ақ кеңістіктік дамытудың халықаралық тәжірибесімен танысты.

  Семинар барысында орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұлттық компаниялардан және ұлттық басқарушы холдингтерден қажетті бастапқы ақпаратты жинау бойынша әдіснамалық ұсыныстар қарастырылды.

Возврат к списку