Пресс-релиз
  • 25.09.2018
  • 20

Пресс-релиз

   2018 жылғы 24-25 қыркүйек күндері ҚР Ұлттық экономика министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен және БҰҰ агенттіктерімен бірге Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) статистикасы жөніндегі сарапшылардың екінші техникалық жиынын өткізді.

1.jpg

   Жиынға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, бизнес-құрылымдардың, ғылыми-зерттеу, үкіметтік емес ұйымдардың, БҰҰ агенттіктерінің, Дүниежүзілік банктің, Азия даму банкінің өкілдері, Нидерландтан, Молдавиядан, Әзірбайжаннан келген халықаралық сарапшылар қатысты.

3.jpg

   «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ (ЭЗИ) атынан өкіл ретінде Басқарма Төрағасының орынбасары Ш. Жакупова және Стратегиялық әзірлемелер орталығының қызметкерлері Б. Хамбар, З. Ибрагимов және Б. Елеусизова қатысты.

4.jpg

   Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстандағы ТДМ мониторингілеу үшін индикаторларды анықтау және 2019 жылдың шілде айында БҰҰ Жоғары деңгейлі саяси форумында Қазақстан ұсынатын ТДМ жетістіктеріне ерікті ұлттық шолуды (ЕҰШ) дайындауды талқылау.

5.jpg

   Ш. Жакупова қатысушыларға ЕҰШ дайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жоспарлары туралы айтып берді. Б. Хамбар ТДМ-ның мемлекеттік жоспарлау жүйесімен қисындастығын және ЕҰШ құрылымының жобасын ұсынды. Сонымен қатар, жиын аясында Институт Қазақстан үшін тұрақты даму мақсаттары міндеттерінің басымдықтары талқыланған топтарда жұмыстар ұйымдастырды.

6.jpg

   Топтардағы жұмыстардың қорытындысы бойынша Қазақстандағы тұрақты дамудың міндеттері және мақсаттары арасындағы өзара байланысты талдау бағытында ЕҰШ-ты дайындау бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.

 

Возврат к списку