Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша әлемдегі топ-30 ел қатарында
  • 01.11.2018
  • 49

Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша әлемдегі топ-30 ел қатарында

   «Қазақстан бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша әлемдегі топ-30 ел қатарында»

    Doing Business рейтингі Дүниежүзілік банктің жыл сайын дайындалатын баяндамасы. Ол бағалау әлемнің 190 жуық елдерінде жүргізіледі.

   2018 жылғы 31 қазандағы Дүниежүзілік банктің «Doing Business 2019» рейтингі нәтижелеріне сәйкес өзінің рейтингін өткен жылмен салыстырғанда 8 позицияға көтере отырып, Қазақстан 28 орынға орналасты.

  Жалпы Қазақстан 10 базалық индикаторлар бойынша бағаланды. 10 базалық индикатордың 6-ы бойынша Қазақстан позициясын жақсартты.

   «Миноритарлық инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан екінші қатарынан әлемдік көшбасшы болып танылды.

   Қазақстан «Халықаралық сауда» (+21), «Несие алу» (+17), «Құрылысқа рұқсат алу» (+17), «Кәсіпорын ашу» (+5), «Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (+2) және «Төлемқабілетсіздікті шешу» (+2) айтарлықтай өсім көрсетті.

   Сонымен қатар, «Салық салу» (-6), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (-6) және «Меншікті тіркеу» (-1) индикаторлары бойынша позициялардың төмендеуі байқалады.

    Қазақстан қолданыстағы заңнаманы реформалау, рұқсаттама жүйесін жетілдіру, бизнесті ашу рәсімдерін жеңілдету, мемлекеттік бақылау-қадағалау қызметін оңтайландыру, елдегі бизнес ахуалды және халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту бойынша Үкіметтің жүйелі жұмысының нәтижесінде бизнес жүргізу жеңілдігі бойынша 30 елдің қатарына кірді.

 

Сілтеме: https://itube.kaztrk.kz/kz/videos/45316/01-11-2018-basty-taqyryp-basty-taqyryp-dinara-aqynbekova-tolyq-nusqa/


Возврат к списку