ҚАЗАҚСТАН БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУ ЖЕҢІЛДІГІ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-30 ЕЛІНІҢ ҚАТАРЫНА КІРДІ
  • 01.11.2018
  • 61

ҚАЗАҚСТАН БИЗНЕСТІ ЖҮРГІЗУ ЖЕҢІЛДІГІ БОЙЫНША ӘЛЕМНІҢ ТОП-30 ЕЛІНІҢ ҚАТАРЫНА КІРДІ

   Дүниежүзілік банктің 2018 жылғы 31 қазанда жарияланған «Doing Business 2019» баяндамасында Қазақстан өткен жылмен салыстырғанда өз рейтингін 8 көрсеткішке арттырып, 28-орынға ие болды.

   Қазақстан рейтингте Испания (30-орын), Франция (32), Польша (33), Португалия (34), Швейцария (38), Жапония (39), Түркия (43) сияқты елдерден озды. Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің арасында Қазақстан басым орынға ие, рейтинг бойынша төмен орындарға Ресей (31), Беларусь (37), Армения (41) және Қырғызстан (70) ие.

  Doing Business 2019 рейтингін Жаңа Зеландия бастап отыр. Рейтинг көшбасшыларының ондығына Сингапур, Дания, Оңтүстік Корея, Гонконг, Грузия, Норвегия, АҚШ, Ұлыбритания, Македония да кірді.

  Дүниежүзілік Банк Қазақстанды 2017-2018 жылдары бизнесті жүргізу жеңілдігінің үштен аса индикаторы бөлінісінде тұрақты реформалар жүргізген елдер қатарында атап кеткен.

  Рейтинг әдіснамасына сәйкес Қазақстан 10 базалық индикатор бойынша бағаланған. Қазақстан 10 базалық индикатордан 6 индикатор бойынша позицияларын жақсартты.

  Қазақстан «Миноритарлы инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша екінші жыл қатарынан көшбасшылар тізімін бастап отыр.

  Қазақстан рейтингтің «Халықаралық сауда» (+21), «Кредит алу» (+17), «Құрылысқа рұсқат алу» (+17), «Кәсіпорындарды ашу» (+5), «Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету» (+2) және «Төлемқабілетсіздігін шешу» (+2) сияқты индикаторлар бойынша айтарлықтай алға жылжыды.

   Дүниежүзілік Банк Үкіметтің мынадай индикаторлары бойынша реформаларын ескеріп кетті:

  «Кәсіпорындарды ашу»

  Қазақстан қосымша құн салығын тіркеуге қажетті уақытты азайтып, бизнесті жүргізу шарттарын жеңілдетті.

  «Халықаралық сауда»

  Қазақстан кедендік декларациялаудың электрондық жүйесін, АСТАНА-1 АЖ енгізу және кедендік әкімшілік  алымдарды қысқарту арқылы халықаралық сауданы оңайлатты.

  «Шарттардың орындалуын қамтамасыз ету»

  Қазақстан коммерциялық істерде барлық деңгейлердегі сот шешімдерін жалпыға қолжетімді етіп және жергілікті коммерциялық соттар қызметінің тиімділігі туралы есептерді жариялап шарттардың орындалуын қамтамасыз етуді жеңілдетті.

  Сондай-ақ, «Салық салу» (-6), «Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу» (-6) және «Меншікті тіркеу» (-1) индикаторлары бойынша позициялардың төмендеуі байқалады.

  Қазақстанның «Doing Business» рейтингінде бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша 30 елдің қатарына кіруі Үкіметтің елде бизнес ахуалды жақсарту және Қазақстанның халықаралық рейтингілерде позицияларын жақсарту бойынша жүргізіп жатқан жұмысына байланысты болды.

Возврат к списку