«Қазақстандағы «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингі» аясындағы кездесулер
  • 26.11.2018
  • 37

«Қазақстандағы «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингі» аясындағы кездесулер

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы Премьер-Министінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 53-ө өкімімен бекітілген Қазақстанда «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингін енгізу бойынша Жұмыс жоспарының 3-тармағын орындау мақсатында «Қазақстандағы «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингі» зерттеуі үшін деректерді жинау нәтижелерін талқылау бойынша Дүниежүзілік банк сарапшыларының мемлекеттік органдармен және жергілікті атқарушы органдармен кездесулер өткізеді.

Өткізілу орны: Астана қаласы, Темірқазық к-сі 65, «Экономика үйі».

Өткізілу күні: 2018 жылғы 26 – 30 қараша аралығында.

2017 жылы 2 қалада және 6 өңірде (Астана, Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Өскемен, Павлодар, Шымкент) «Doing Business» қосалқы ұлттық рейтингінің пилотты жобасының аяқталғанын атап кеткен жөн.

Елдің әр өңірінде іскерлік климатты кешенді зерттеу жұмысын жалғастыру мақсатында Үкімет ағымдағы жылы қосалқы ұлттық рейтингтің географиясын 14 өңірге және Алматы мен Астана қалаларына кеңейту туралы шешім қабылдады.

Қосалқы ұлттық деңгейде бизнестің қызметін реттеу нормаларын қарастыру үшін мынадай төрт индикатор айқындалған – бизнесті ашу, құрылысқа рұқсат алу, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу, меншікті тіркеу.

Возврат к списку