Қоғам Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы
  • 30.10.2018
  • 46

Қоғам Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы

  «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы (Астана қ., Темірқазық к-сі, 65) Қоғам Басқармасының құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды: Директорлар кеңесінің шешімімен (2018 жылғы 30 қазандағы № 8 хаттама) «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамы Басқарма Төрағасының міндетін атқарушы Б.Ғ.Мұқанның өкілеттіктері 2018 жылғы 29 қазанынан бастап тоқтатылды.

  Е.Н.Қаражан «Экономикалық зерттеулер институты» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

  Ерлік Нариманұлы Қаражан 1978 жылы Алматы қаласында туған.

  2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген.

  2001 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін әлемдік экономикалық саясат магистрі дәрежесімен аяқтаған.

  2010 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Экономика институтында 08.00.14 – «Әлемдік экономика» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған.

  Экономика ғылымдарының кандидаты.

  Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтында әлемдік экономика оқытушысы, халықаралық офис директоры болып бастаған.

  2003-2008 жылдары – BG Kazakhstan компаниясының Үкіметпен байланыс жөніндегі кеңесшісі.

  2008-2015 жылдары – НКОК Солтүстік Каспий жобасы оператор-компаниясының тұрақты даму жөніндегі менеджері.

  2016-2017 жылдары – «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

 2017-2018 жылдары – «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директорының стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары.

  Түрлі жылдары Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында әлемдік экономика, халықаралық бизнес бойынша оқытушылық қызмет атқарды және бірқатар экономикалық зерттеулерге қатысты.

  Лондон тауар биржасында (ICE), Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің Cheveninig стипендиясы бойынша Рединг университетінде біліктілігін арттырды.

Возврат к списку