«Интервью» для Телепрограммы «Basty taqyryp»
  • 22.10.2018
  • 72

«Интервью» для Телепрограммы «Basty taqyryp»

 Тема интервью: «Кәсіпкерлікті қолдау және салық амнистиясы туралы»

 2018 жылғы 15 қазанда Кәсіпкерлікті дамыту орталығы директорының міндетін атқарушы Ақынбекова Динара «Qazaqstan» телеарнасындағы жаңалықтар топтамасында «Basty taqyryp» бағдарламасына тікелей эфирде қатысты.

 Сұхбат барысында Елбасының Қазақстан халқына жолдауы аясында кәсіпкерлікті қолдау бойынша көтеріліп отырған негізгі басымдықтар талқыланды.

  Ақынбекова Динара өз сөзінде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық амнистиясы енгізілетіндігі туралы атап өтті.

 Бұл шара кәсіпкерлерге өз өндірісін ұлғайтып, жұмыс орындарының санын арттыруға мүмкіндік береді. Шағын және орта бизнес кез-келген ел экономикасының ұйытқысы болғандықтан, салық амнистиясы жалпы мемлекеттің әл-ауқатын арттыра түседі.

 Адал кәсіпкерлердің бұл қарызын уақытылы төлемеуінің объективті себептері бар деп есептеймін. Сонымен қатар, ҚР Салық кодексіне сәйкес, айыппұлдар мен өсімпұлдар күн санап өсе береді. Кей жағдайда негізгі қарыздың сомасынан да артып кетеді. Ол өз алдына кәсіпкер үшін үлкен жүк.

 Қазір 66 933 шағын және орта бизнес субъектісінің жиналып қалған қарызы бар.

 Шағын және орта бизнестің қазіргі кездегі қарызы 152,8 млрд. теңгені құрайды (2018 жылдың 1 қаңтарына дейін жиналып қалған және ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейін өтелмеген қарыз). 

 Оның ішінде, негізгі қарыз көлемі 80,3 млрд. теңгені құрайды, ал қалғаны өсімпұл (59,5 млрд. теңге) мен айыппұлдың (13 млрд. теңге) есебінде.

 Салықтық амнистия кезінде кәсіпкер өзінің негізгі қарызын төлеген жағдайда ғана, қарыз бойынша тек өсімпұлдар және айыппұлдар ғана есептен шығарылады. Ал салық төлеу - әрбір азаматтың міндеті.

 Амнистияға ірі салық төлеушілер, жер қойнауын пайдаланушылар, акцизделетін тауар өндірушілер және жалған кәсіпорындар ілінбейді.

 Динара Ақынбекова сұхбат барысында Бизнестің жол картасы бағдарламасы 2025 жылға созылғандығы және осыған байланысты болатын өзгерістерді атап өтті.

 Бизнестің жол картасы 2025 аясында бөлінетін 30 млрд теңге көлеміндегі қосымша қаражат ел экономикасына оң әсер етеді деп күтілуде. Бөлінген қаражат отандық кәсіпкерлердің шамамен 4000 жобасын қолдауға мүмкіндік береді, олар келешекте үш жыл ішінде елдің экономикалық белсенді халқын 22 мың қосымша жұмыс орындарымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, ШОК субъектілерінің өнім шығаруы 3 трлн теңгеге өседі, салықтық түсімдер 200 млрд теңгеден астамға көбейеді.

 

Ссылка https://kaztrk.kz/ru/projects/basty-takyryp

Возврат к списку