ОРНЫҚТЫ ДАМУ
2015 жылғы 25 қыркүйекте БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде әлемдік көшбасшылар, оның ішінде, мемлекет пен үкімет басшылары кедейшілікті жоюға, теңсіздікпен және әділетсіздікпен күресуге, сондай-ақ климаттық өзгерістермен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған 17 Орнықты Даму Мақсаттарынан тұратын тізімді қамтитын Орнықты Даму саласындағы 2030 жылға дейінгі Күн тәртібін қабылдады.
Қазақстан Орнықты Даму Мақсаттарын орындау міндеттерін өз мойнына алған ел ретінде барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс істейді және жаһандық мақсаттарға сәтті қол жеткізуге өз үлесін қосуға дайын.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРІКТІ ҰЛТТЫҚ ШОЛУЫ
2019 жылғы 16 шілдеде Қазақстан Нью-Йорк қ. БҰҰ Орнықты даму мақсаттары бойынша Жоғары деңгейлі саяси форум шеңберінде Қазақстанның алғашқы Ерікті ұлттық шолуын таныстырды.
48 елдің делегациялары шолуларды ұсынды. Форум адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту және олардың инклюзивтілігі мен теңдігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған. Алты тақырыптық мақсаттарға басты назар аударылды: «Сапалы білім» 4 ОДМ, «Адал жұмыс және экономикалық өсу» 8 ОДМ, «Теңсіздікті азайту» 10 ОДМ, «Климаттың өзгеруімен күрес жүргізу» 13 ОДМ, «Әлем, әділдік және тиімді институттар» 16 ОДМ, «Орнықты даму мүддесіндегі әріптестік» 17 ОДМ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРНЫҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІ
Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Орынбасарының төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасымен құрылды. Кеңес жұмысының үйлестіру органы Ұлттық экономика министрлігі болып табылады.
Сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Хатшылық болып табылады.
Қарау саны: 1465
Сақталған: 20.07.2020