Үйлестіру кеңесі

«Біздің әлемнің қайта құрылуы: 2030 жылға дейінгі кезеңге орнықты даму саласындағы күн тәртібі» жаһандық даму саласындағы Күн тәртібін іске асыру жұмысын үйлестіру мақсатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Орынбасарының төрағалық етуімен Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – Кеңес) құрылды. Кеңес жұмысының үйлестіру органы Ұлттық экономика министрлігі болып табылады. Сараптамалық-талдамалық қолдау көрсететін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Хатшылық болып табылады.


Кеңестің негізгі міндеттері:
- Қазақстан Республикасында ОДМ іске асыру бойынша ортақ саясатты қалыптастыру ұсыныстарын қарау және әзірлеу; 
- ОДМ бағыттары бойынша ведомствоаралық жұмыс топтарының қызметін үйлестіру; 
- ОДМ орындау бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу; 
- ОДМ бойынша Қазақстанның Ұлттық ерікті шолуын қалыптастыруға қатысу.


Кеңестің қызметін тиімді ұйымдастыру үшін бес түйінді бағыт бойынша жұмыс топтары құрылды:

•  «Адамдар» жұмыс тобы: кедейшілікті жою, гендерлік теңдік, салауатты өмірді қамтамасыз ету, білім (Хатшылықтан өкіл: Каримов Е., e-mail: e.karimov@eri.kz);

• «Жер» жұмыс тобы: құрлықтың және су ресурстарының экожүйелерін оңтайлы пайдалану, климаттың өзгеруі (Хатшылықтан өкіл: Окушева А., e-mail: а.okusheva@eri.kz);

• «Көркею» жұмыс тобы: инклюзивтік өсу және экономикалық қайта құрылулар (Хатшылықтан өкіл: Утебаева А.., e-mail: a.utebayeva@eri.kz);

• «Әлем» жұмыс тобы: қауіпсіз және бейбіт қоғам, мықты институттар, әділдік (Хатшылықтан өкіл: Гафятуллина Д., e-mail: d.gafyatullina@eri.kz; Абуов А., e-mail: a.abuov@eri.kz);

• «Әріптестік» жұмыс тобы: орнықты даму мақсатындағы жаһандық әріптестік, ресурстарды, технологияларды жұмылдыру, әлеуетті арттыру, сауда (Хатшылықтан өкіл: Нуржанова М., e-mail: m.nurzhanova@eri.kzГафятуллина Д., e-mail: d.gafyatullina@eri.kz).



Архитектура координации реализации ЦУР в Казахстане:

Қарау саны: 1777
Сақталған: 24.05.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2023 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!