22.10.2020
Ірі өнеркәсіптік компаниялардың ҚР әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларына салған инвестициялары 2019 жылы 140 миллиардтан асты.
Өнеркәсіптік компаниялар, ең алдымен жер қойнауын пайдаланушылар өздерінің келісімшарттық міндеттемелері шеңберінде елдің әлеуметтік және экологиялық міндеттерін шешуге қатысады. Мысалы, ERG компаниясы 2019 жылы футбол манежінің құрылысын қаржыландырды (3,1 млн АҚШ долл.), Түркістандағы Күлтөбе қалашығында археологиялық және ғылыми-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізді (2,5 млн. АҚШ доллары). Аталған жобалар қабылданған үш жылдық Өңірлерді дамытудың бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Әлеуметтік даму міндеттерінен басқа, алдағы 10 жылда ЕО елдерінде қабылданған нормативтік мәндерге дейін шығарындыларды азайту үшін компанияның электр станцияларындағы қатты бөлшектердің шығарындыларын азайту технологиясына шамамен 350 млн. АҚШ долларын инвестициялау жоспарлануда. Қазіргі уақытта Қазақстан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінің құқықтық құралдарын, озық тәжірибелері мен стандарттарын қабылдай отырып, реформаларды іске асыруда.
Қарау саны: 764 Өзекті
14,5
пайыз
— жылдық есептеумен 2022 жылғы маусымдағы инфляция деңгейі Нақтырақ
11,2
миллион
теңге биыл Қазақстанда көп пәтерлі үйлерді жөндеуге бөлінедіНақтырақ
104,6
пайыз
2022 жылғы қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің НКИ
Нақтырақ
92,43
пайыз
Қазақстан халқы эфирлік телерадио хабар таратумен қамтылғанНақтырақ
|
|