рус / eng / kaz    
     

16.11.2020

1993 жылғы 15 қарашада айналымға теңге ұлттық валютасы енгізілді.

Бұл күн тарихи күн болды, өйткені Қазақстан осы әрекетпен өзінің тәуелсіз мемлекет мәртебесін растады.

1993 жылғы 3 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен қаржыгер Дәулет Сембаевтың басшылығымен жұмыс тобын құрған арнайы мемлекеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның жұмысына Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, қойылған міндеттердің сапалы орындалуын үнемі қадағалап отырды. Ұлттық валютаға атау беру мәселесі бойынша үлкен пікірталас барысында академик С.Такежановтың ұлттық валютаны "теңге" деп атау туралы ұсынысы бірауыздан мақұлданды.

Теңге дизайнын жасауға атақты сәулетші, суретші Тимур Сүлейменов басшылық еткен үлкен авторлық ұжым тартылды.

1995 жылдан бастап купюралар Алматыдағы банкнот фабрикасында, ал монеталар Өскемендегі Теңге сарайында басылып шығады.



Қарау саны: 1109
Сақталған: 05.07.2022




Өзекті

14,5 пайыз — жылдық есептеумен 2022 жылғы маусымдағы инфляция деңгейі Нақтырақ
11,2 миллион теңге биыл Қазақстанда көп пәтерлі үйлерді жөндеуге бөлінедіНақтырақ
104,6 пайыз 2022 жылғы қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің НКИ Нақтырақ
92,43 пайыз Қазақстан халқы эфирлік телерадио хабар таратумен қамтылғанНақтырақ


Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!