рус / eng / kaz    
     

25.11.2020

1999 жылғы 17 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы өзінің қарарымен 25 қарашаны Әйелдерге көрсетілетін зорлықты жою үшін күрес жүргізудің халықаралық күні деп жариялады.

БҰҰ үкіметтерге, халықаралық ұйымдарға және үкіметтік емес ұйымдарға осы күні қоғамдастықтың аталған мәселеге назарын аударуға бағытталған іс-шараларды өткізуді ұсынды.

БҰҰ деректері бойынша әлемдегі әйелдер мен қыздардың 35% өмір бойы физикалық және/немесе жыныстық сипаттағы зорлықтың белгілі бір нысанынан зардап шегеді. Әйелдер мен қыздар адамдармен сауда жасаудың барлық құрбандарының 71%-ын құрайды.

Әйелдерге қатысты зорлық адам құқықтарының бұзылуы болып табылады және осы құбылысқа толық қоғамдық қабылдамау және тиісті заңнамалық база тиесілі.

Қазақстан бұрынғы кеңес одағы кеңістігіндегі алғашқылардың бірі болып гендерлік теңдіктің даму негізін қалайтын бірқатар маңызды құжаттарды қабылдады: Гендерлік теңдік стратегиясы (2006), сондай-ақ Қазақстанның 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы (2016), оны әзірлеуге БҰҰ жетекші сарапшылары белсенді қатысты.

2016 жылдан бастап Қазақстанда азаматтық қоғамды дамыту саласында көшбасшы болып келетін елдердің тәжірибесін ескере отырып, қазақстандық ҮЕҰ бастамасымен құрылған «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ жұмыс істейді. Орталық үкіметтік емес ұйымдар арқылы мемлекеттік міндеттерді - барлық зорлық нысандарын жою бойынша жұмысты қамтитын әлеуметтік жобаларды іске асырды.




Қарау саны: 789
Сақталған: 05.07.2022




Өзекті

14,5 пайыз — жылдық есептеумен 2022 жылғы маусымдағы инфляция деңгейі Нақтырақ
11,2 миллион теңге биыл Қазақстанда көп пәтерлі үйлерді жөндеуге бөлінедіНақтырақ
104,6 пайыз 2022 жылғы қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің НКИ Нақтырақ
92,43 пайыз Қазақстан халқы эфирлік телерадио хабар таратумен қамтылғанНақтырақ


Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!