рус / eng / kaz    
     

01.03.2021

Қазақстан ұлттар ассамблеясының құрылу күніне арналған мереке ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша бекітілген.
 

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады.
 
"Қымбатты отандастар!

Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді, мейірімділіктің, өзара көмек пен жақсылықтың жаршысы болып саналады.

Көктемнің алғашқы күнінде – тіршілік атаулы жанданып, жер-дүние жаңаратын кезеңде атап өтілуі бұл мерекеге ерекше сән береді.

Бүгін біз қазақ халқының рухани ерлігі мен еліміздегі барлық этностардың басына түскен ауыр сынақтарды еске алып қана қоймай, келешекке зор сеніммен қараймыз. Қазақстан қоғамының келісімі мен татулығы ­– сол жарқын болашақтың берік іргетасы.

Коронавирус пандемиясына тойтарыс беру кезінде де біздің бірлігіміздің маңызы айқын көрінді. Қазақстандықтар мемлекетіміздің тұрақты дамуына қауіп төндірген жаһандық сынаққа ел болып жұмыла қарсы тұрды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығында өрлеу мен өркендеуге бастайтын жол адамгершіліктің айнымас қағидаларына, толеранттылық принциптеріне, төл тарихымызға құрмет пен ортақ Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке негізделетінін тағы бір мәрте айғақтап отырмыз.

Барлық қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға мол игілік, мықты денсаулық, тыныштық пен бақ-береке тілеймін!
"


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та қазақстандықтарды атаулы күнмен құттықтады.

«Құрметті отандастар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше.

Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі.

Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз.

Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, қастерлі қазақ жеріндегі бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда.

Мен баршаңызға Отанымыздың өркендеуі жолында сіңірген жасампаз еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.

Біз біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз. Бәріміз бірге әділетті қоғам құрып, мемлекеттілігімізді орнықтыра түсеміз деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!
», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.


Қарау саны: 537
Сақталған: 01.03.2021




Өзекті

867,2 миллиард теңге — 2022 жылға арналған өзгерістерді ескере отырып, нақтыланған астананың жалпы көлемі Нақтырақ
37,2 пайыз Қазақстан экспортының бес айда ұлғаюы құрадыНақтырақ
30 млрд теңге 2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда өндірілген өнім көлемінің сомасы Нақтырақ
27,5 миллионға Қазақстан халқы 2050 жылға қарай жетуі мүмкінНақтырақ


Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!