рус / eng / kaz    
     

14.04.2021

Алдағы 5 жылда Қазақстан бойынша 103 млн шаршы метр баспана салу жоспарланып отыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде «Нұрлы жер» бағдарламасының жоспарына енгізілген өзгерістер туралы мәлімет берді.

 «Ағымдағы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасындағы жоспарлы 15,2 млн.шаршы метрдің орнына 17 млн. шаршы метр тұрғын үй салуды міндетімізге алып отырмыз. Жыл соңында 163 мың отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартып, оның ішінде мемлекеттік қолдау есебінен 43,5 мың кезекте тұрған жанұя баспанамен қамтылатын болады. Яғни, оларға 22,5 мың әлеуметтік тұрғынжай және 21,0 мың жеңілдетілген қарыз берілетін болады», - деді вице-министр.

 Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2021-2025 жылдар аралығында 103 млн. шаршы метр жаңа тұрғын үй салынатынын атап өтті. 

«Ағымдағы жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша құрылыс саласында енгізілген локдаундарға қарамастан дамудың оң серпіні байқалады. Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 13,1% - ға артты (514 млрд.теңгеге орындалды). Құрылыс белсенділігінің өсуі Маңғыстау облысын қоспағанда, 16 өңірде байқалады (66,2%). 

Анықтама: көшбасшылар: Түркістан (264%), Солтүстік Қазақстан (154,5%), Қызылорда (144%), Ақмола (135,3), Қостанай (119,8%), Алматы (109,9%) облыстары және Алматы (144,7%), Шымкент (117,6%) қалалары. Құрылыс импульсі дағдарысқа қарсы қабылданған шараларға байланысты болып отыр. 

Ал бұл құрылыс компанияларының кәсіпкерлік белсенділігін және халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етеді», - деді министрдің бірінші орынбасары.


Қарау саны: 486
Сақталған: 05.07.2022




Өзекті

14,5 пайыз — жылдық есептеумен 2022 жылғы маусымдағы инфляция деңгейі Нақтырақ
11,2 миллион теңге биыл Қазақстанда көп пәтерлі үйлерді жөндеуге бөлінедіНақтырақ
104,6 пайыз 2022 жылғы қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің НКИ Нақтырақ
92,43 пайыз Қазақстан халқы эфирлік телерадио хабар таратумен қамтылғанНақтырақ


Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!