рус / eng / kaz    
     

05.05.2021

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында мектеп санын арттыру жұмысы жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елордада мектеп санын арттыруды жалғастырамыз. Құрылыс жұмыстарына жеке қаражатты да тартамыз.

Бірқатар мектептің құрылыс барысымен таныстым. Олар Ұлы Дала даңғылы мен Тұран даңғылының қиылысында, сондай-ақ Е103 көшесі мен Тұран даңғылының қиылысында орналасқан. Alpamys school мен Tamos Space school екі ауысымда 4 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді.

Оқу орындарының құрылысы елорданың барлық аудандарында, соның ішінде елді мекендерде жүргізіліп жатыр. Биыл өткен жылдармен салыстырғанда көбірек мектеп саламыз. Үлкен көлемдегі 16 мектеп салынбақ. Олар биыл 40 мыңнан астам оқушы қабылдауға мүмкіндік береді. Өткен жылмен салыстырғанда оқушы орындарының саны 2 есе артық болса, 2019 жылмен салыстырғанда 4 еседен астам ұлғаяды.

Кешенді жоспар аясында 5 жылдық кезеңге 50-ге жуық мемлекеттік мектеп салу жоспарланған. Сонымен қатар инвестициялық кеңестерде 30-дан астам жекеменшік мектептің құрылысын қолдадық.

Бұл шаралар үш ауысымда оқытатын, шамадан тыс жүктеме артылған мектептердің санын азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша оқушылар мен мұғалімдерге қолайлы жағдай жасалмақ», — деп жазды елорда әкімі.


Қарау саны: 592
Сақталған: 15.08.2022




Өзекті

867,2 миллиард теңге — 2022 жылға арналған өзгерістерді ескере отырып, нақтыланған астананың жалпы көлемі Нақтырақ
37,2 пайыз Қазақстан экспортының бес айда ұлғаюы құрадыНақтырақ
30 млрд теңге 2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда өндірілген өнім көлемінің сомасы Нақтырақ
27,5 миллионға Қазақстан халқы 2050 жылға қарай жетуі мүмкінНақтырақ


Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!