03.08.2020
Қазақстандық депозиттерді кепілдендіру қоры 2020 жылдың қыркүйегіне теңгедегі депозиттер бойынша барынша ұсынылатын ставкаларды бекітетіні туралы хабарлайды. 24 айға арналған шұғыл депозиттер бойынша ставкаларды қоспағанда, теңгедегі депозиттердің барлық түрлері бойынша ставкалар тамыз айының деңгейінде қалды. Нәтижесінде қыркүйекте шұғыл емес депозиттер бойынша ең жоғары ставка жылдық 9%-ды құрайды, ол экономикада ақша құнының негізгі бағдары болып табылатын ҚРҰБ базалық ставкасына сәйкес келеді. 3 және 6 айға арналған толтыру құқығымен ставкалар да 9,0%-ды, толтыру құқығынсыз ставкалар 9,5%-ды құрайды. Ұқсас мерзімге арналған жинақтаушы депозиттер бойынша ставкалар толтыру құқығымен 10,0%-ды және толтыру құқығынсыз 10,5%-ды құрайды.
Қарау саны: 892 Өзекті
27,5
миллионға
Қазақстан халқы 2050 жылға қарай жетуі мүмкінНақтырақ
180
мың
тонна Қазақстан осы маусымда күнбағыс майын экспорттайды Нақтырақ
10
миллиард
доллар Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 5 айда тауар айналымы құрадыНақтырақ
7,4
трлн
теңге — ауыл шаруашылығының соңғы 5 жылдағы жалпы өнімінің көлеміНақтырақ
|
|