09.12.2021
Ағымдағы жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 3,8% - ға дейін жеделдеді, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында. "Есепті кезеңде негізгі үрдістер бойынша қызмет көрсету секторындағы өсудің жеделдеуі, нақты сектордағы өсудің тұрақты қарқыны, экспорт өсуінің жоғары қарқыны есебінен сауда теңгерімінің нығаюы, өндіруші салалардағы жоғары инвестициялық белсенділік байқалады", - деп толықтырды министр. Оның айтуынша, осы жылдың қаңтар-қараша айларында нақты сектордағы өсім 2,9% - ды құрады. Қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік 3,9% - ға дейін өсті.
Қарау саны: 296 Өзекті
14,5
пайыз
— жылдық есептеумен 2022 жылғы маусымдағы инфляция деңгейі Нақтырақ
11,2
миллион
теңге биыл Қазақстанда көп пәтерлі үйлерді жөндеуге бөлінедіНақтырақ
104,6
пайыз
2022 жылғы қаңтар-наурызда жалпы ішкі өнімнің НКИ
Нақтырақ
92,43
пайыз
Қазақстан халқы эфирлік телерадио хабар таратумен қамтылғанНақтырақ
|
|