21.08.2020
Қазақстан Ұлттық банкі номиналы 200 теңге мельхиор қорытпасынан және номиналы 100 теңге нейзильбер қоспасынан жасалған «QAZAQSTAN HALQY ASSAMBLEIASY» коллекциялық монеталарын айналымға шығарады. Монеталарды шығару Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орайластырылған. «Proof-like» сапасындағы монеталар массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, номиналы 200 теңге, таралымы 3 000 дана мельхиор МН 25 қорытпасынан жасалған. «Uncirculated» сапасындағы монеталар нейзильбер МНЦ 15-20 қорытпасынан жасалған, салмағы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, номиналы 100 теңге, таралымы 50 000 дана. Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған, сондай-ақ төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында белгіленген құны бойынша қабылдауға міндетті болып табылады. ![]()
Қарау саны: 1367 Өзекті
867,2
миллиард
теңге — 2022 жылға арналған өзгерістерді ескере отырып, нақтыланған астананың жалпы көлемі
Нақтырақ
37,2
пайыз
Қазақстан экспортының бес айда ұлғаюы құрадыНақтырақ
30
млрд
теңге 2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда өндірілген өнім көлемінің сомасы Нақтырақ
27,5
миллионға
Қазақстан халқы 2050 жылға қарай жетуі мүмкінНақтырақ
|
|