рус / eng / kaz    
     

"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ пікір-талас клубының жұмысы аясында Дүниежүзілік Банктің Нұр-Сұлтан қаласындағы Өкілдігімен бірлесіп "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары: мәселе" тақырыбындағы талқылау семинары ұй

07.02.2020


"Экономикалық зерттеулер институты" АҚ пікір-талас клубының жұмысы аясында Дүниежүзілік Банктің Нұр-Сұлтан қаласындағы Өкілдігімен бірлесіп "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары: мәселе" тақырыбындағы талқылау семинары ұйымдастырылды.

Zertteu Research Institute ҚҚ қамқоршылық кеңесінің мүшесі Татьяна Седова өз кезегінде алаңды ұйымдастырушыларға алғысын білдіре отырып, Қазақстанда халықаралық бағалаушылар желісінің мүшелері болып табылатын бағалаушылар желісі барын, олардың бағдарламаларды мониторингілеу және бағалау процестеріне тартылу мүмкіндігін атап кеткен.

Семинар спикерлері-Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Жан-Франсуа Марто, әлеуметтік даму жөніндегі аға маман Филип Джесперсен және мемлекеттік сектордағы басқару жөніндегі маман Алма Нуршаихова еліміздің негізгі стратегиялық құжатын бағалау мен мониторингілеудің өзекті мәселелерін қозғады, бұл сараптамалық қоғамдастықта белсенді талқылауға алып келді.


Пікірталас алаңына қатысушылар Қазақстандағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелерін қарастырды.

Басқарма төрағасының орынбасары Шахарбану Жакупова Дүниежүзілік банктің өкілдеріне стратегиялық картаны мониторинг пен бағалаудың қарқынды құралы ретінде пайдалану мүмкіндігіне қатысты сұрақ қойды, өйткені онда мемлекеттік органдардың негізгі операциялық көрсеткіштері ұсынылған.

Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығының директоры Сара Алпысбаева түйінді ұлттық көрсеткіштерді операциялық көрсеткіштерге декомпозициялау кезінде тиісті құзыреттер мен тәжірибе қажет екенін, осыған қатысты Дүниежүзілік банктің рөлі зор екенін атап өтті. 


Институттың жетекші сарапшысы К. Ахметжанова қолданыстағы мониторинг және бағалау жүйесі мен Дүниежүзілік банк ұсынатын нәтижелерге негізделген ЖАО жүйесі арасындағы қағидатты айырмашылықтар туралы сұрады.




Қарау саны: 736
Сақталған: 27.07.2020



Пікір-талас клубы

Жаңалықтар Презентации Инфографика
2020
Қаң Ақп Нау Сәу
Мам Мау Шіл Там
Қыр Қаз Қар Жел



Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!