рус / eng / kaz    
     


Стратегиялық талдау орталығы

Стратегиялық әзірлемелер
Қызметтің негізгі бағыттары

Ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыты стратегиялық жоспарлау саласында зерттеу жүргізу болып табылады. 
Сондай-ақ Экономикалық зерттеулер институты Қазақстанда орнықты даму мақсаттарын (ОДМ) ұлттандыру мен оқшауландыру процесіне жәрдемдесу жұмысын жүргізеді.


Біздің артықшылығымыз

Экономикалық зерттеулер институтының елде мемлекеттік жоспарлау жүйесін әдіснамалық және сараптамалық сүйемелдеуде көпжылдық тәжірибеге ие.

Сондай-ақ:
 - мемлекеттік органдар үшін бағалау жүргізу, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу саласында оқыту семинарларын өткізу тәжірибесіне ие; 
- ОДМ іске асыру мәселелерінде консультация жүргізуде үлкен тәжірибесі, сараптамасы мен құзыреті бар; 
- БҰҰ алаңында ұсыну мақсатында Қазақстан Үкіметі үшін Қазақстанда ОДМ-ға қол жеткізу бойынша алғашқы Ерікті ұлттық шолуды дайындау тәжірибесіне ие; 
- ірі форумдар мен саммиттердің сапалы контентін қамтамасыз ету тәжірибесіне ие (АЭФ 2019 шеңберіндегі Орнықты даму бойынша алғашқы форум); 
- халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізу дағдыларына ие.


Біздің жобалар

- Мемлекеттік жоспарлау жүйесін әдіснамалық қолдау; 
- Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу, оның ішінде: 
  • 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары
  • Экспорттық стратегия 
  • Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын өзектендіру
  •  ҚР-да 2030 жылға дейін көрсетілетін қызметтер саласын дамыту стратегиясы
 - МЖЖ құжаттарының іске асырылу мониторингісін жетілдіру бойынша сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу;
 - МЖЖ құжаттарын тексеру (ҚР Стратегиялық даму жоспары, мемлекеттік бағдарламалар және т.б.).
 - Қазақстанда Орнықты даму мақсаттарының іске асырылуын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу: 
  • РДМ қағидаттарын, міндеттерін және индикаторларын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына интеграциялау бойынша ұсынымдар; 
  • Жергілікті атқарушы органдарға өңірлерде ОДМ оқшауландыру процесінде жәрдем көрсету; 
  • Халықтың ОДМ іске асыруға тартылуына жәрдемдесу

Халықаралық жобалар

Экономикалық зерттеулер институты стратегиялық құжаттарды әзірлеуде халықаралық компаниялармен бірлескен сараптама жүргізген (Boston Consulting Group, McKinsey and Company). Бұл біздің сарапшыларға халықаралық мамандардың бірегей тәжірибесін меңгеруге мүмкіндік берді.

2019 жылы Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары БҰҰДБ тапсырысы бойынша «ОДМ ұлттық платформасын құруға арналған әріптестік» зерттеуін жүргізді.

Қарау саны: 886
Сақталған: 18.07.2020




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!