рус / eng / kaz    
     


Тұрақты даму мақсаттары

Тұрақты даму мақсаттары
Қызметтің негізгі бағыттары 

Ғылыми - зерттеу қызметінің негізгі бағыты Қазақстанда орта мерзімді және ұзақ мерзімді перспективада тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) іске асыруды сараптамалық-талдамалық сүйемелдеуді ұсыну болып табылады 

Экономикалық зерттеулер институты Қазақстанда ТДМ ұлттандыру және оқшаулау кезінде жәрдемдесу бойынша жұмыс жүргізеді.

Біздің артықшылықтарымыз

Бүгінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ ТДМ іске асыру бойынша Хатшылықтың функцияларын тиімді орындайды, олар мыналарды қамтиды: 
  • Елдің мемлекеттік жоспарлау жүйесіне тұрақты даму қағидаттарын енгізуді әдіснамалық және сараптамалық сүйемелдеу;
  • ТДМ ұлттандыру және оқшаулау процесін сүйемелдеу;
  • Премьер-Министрдің Бірінші Орынбасарының басшылығымен Тұрақты даму жөніндегі кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қолдауды қамтамасыз ету;
  • 5 ведомствоаралық жұмыс тобын сараптамалық-талдамалық сүйемелдеу және консультациялық қолдау;
  • ТДМ іске асыру бойынша Ерікті ұлттық шолудың дайындалуын қамтамасыз ету; 
  • АЭФ, ТДМ бойынша Саммит және т. б. шеңберінде ТДМ бойынша іс-шаралардың мазмұндық бөлігін пысықтау. 

Экономикалық зерттеулер институты мемлекеттік органдармен және мүдделі тараптармен бірлесіп, 2020 жылғы шілдеде БҰҰ алаңында ұсына отырып, ҚР Үкіметі үшін Қазақстанда ТДМ қол жеткізу бойынша алғашқы Ерікті ұлттық шолуды дайындауға қатысты. 

Сондай-ақ:
  • ТДМ іске асыру мәселелерінде консультациялар үшін айтарлықтай тәжірибенің, сараптаманың және құзыреттердің болуы; 
  • халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу дағдылары,
  • ТДМ іске асыру процесіне мүдделі тараптарды тарту.

Біздің жобалар
  • Ел дамуын қаржыландыру көздерін бағалау;
  • Ұлттық бюджеттерді жедел кешенді бағалауды әзірлеуге қатысу;
  • Балалардың әл-ауқатының индексін қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу
  • ТДМ қағидаттарын, міндеттері мен индикаторларын Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына интеграциялау бойынша ұсынымдар;
  • Өңірлерде ТДМ оқшаулау процесінде жергілікті атқарушы органдарға жәрдемдесу;
  • ТДМ іске асыруға халықты тартуға жәрдемдесу;
Халықаралық жобалар 

Экономикалық зерттеулер институтының сарапшылары мынадай зерттеулер жүргізді:
  • Стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың Қазақстан Республикасындағы тұрақты даму мақсаттарына сәйкестігін талдау (БҰҰДБ және АДБ тапсырысы бойынша, 2018 жыл);
  • «ТДМ ұлттық платформасын құрудағы серіктестік» (БҰҰДБ тапсырысы бойынша, 2019 жыл) 
  • «ТДМ қаржыландыру стратегиясы» (БҰҰДБ тапсырысы бойынша, 2020 жыл);
  • ҚР-да балалар бюджеттеу тиімділігін талдау (ЮНИСЕФ тапсырысы бойынша, 2020 жыл);
  • «Гендерлік аспектілерді ескере отырып, 2017-2020 жылдарға арналған жергілікті атқарушы органның бюджетін жоспарлау және қалыптастыру бойынша құжаттарды талдау (Ақмола облысының мысалында)» (БҰҰ-ның гендерлік теңдік және әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері жөніндегі тапсырысы бойынша, 2020 жыл).

Қарау саны: 569
Сақталған: 02.11.2020




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!