ЭЫДҰ-ның Басқарушы қағидаттары
Басқарушы қағидаттар мен басқару туралы
ЭЫДҰ Инвестициялар жөніндегі комитетінің алаңында халықаралық нарықтарда бизнесті жүргізу стандарттарын белгілейтін құжаттар (ЭЫДҰ-ның көп ұлтты кәсіпорындарға арналған Басқарушы қағидаттары, OECD Guidelines for multinational Enterprises 2011), сондай-ақ оларды компаниялардың енгізу және мониторинг бойынша құралдары (ЭЫДҰ тиісті сақтық жүргізу жөніндегі басшылығы, OECD due Diligence Guidance for Responsible Business Conduct) әзірленді.
ЭЫДҰ-ның көп ұлтты кәсіпорындарға арналған Басқарушы қағидаттары
Басқарушы қағидаттар бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі ұсынымдардың жиынтығы болып табылады, олар үкіметтер өз мемлекеттерінде немесе оларды сақтаушы мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын көпұлтты кәсіпорындарға арналған. Басқарушы қағидаттарға бизнес өкілдері, қызметкерлер ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері бизнес және өнеркәсіп мәселелері жөніндегі ЭЫДҰ Консультативтік комитеті (BIAC), Кәсіподақтар істері жөніндегі ЭЫДҰ консультативтік комитеті (TUAC) және "ЭЫДҰ қадағалауы" (OECD Watch) арқылы қолдау көрсетеді.
Басқарушы қағидаттар ЭЫДҰ-ның 1976 жылғы Халықаралық инвестициялар мен көпұлтты кәсіпорындар туралы декларациясының, оған қосылған мемлекеттердің халықаралық инвестициялар үшін ашық және айқын ортаны қамтамасыз етуге және әлеуметтік-экономикалық прогреске көпұлтты кәсіпорындардың оң үлесін ынталандыруға арналған саяси міндеттемелерінің бір бөлігі болып табылады.
Басқарушы қағидаттар қосылған мемлекеттердің бизнесті жауапты жүргізуге қатысты үміттерін түсіндіреді және көп ұлтты кәсіпорындарға олардың қызметін үкімет саясатымен үйлестіруге қол жеткізуге көмектеседі. Негізгі аспект кәсіпорындардың міндеттерімен ашық инвестициялық климаттың теңгерімділігі болып табылады.
ЭЫДҰ-ның тиісті сақтық шараларын жүргізу жөніндегі басшылығы
Кәсіпорындар экономикалық, экологиялық және әлеуметтік прогреске жәрдемдесуде, әсіресе олар өз қызметінің, жеткізу тізбегінің және басқа да іскерлік қатынастардың қолайсыз салдарын барынша азайтқан кезде маңызды рөл атқара алады. ЭЫДҰ-ның көпұлтты кәсіпорындарға арналған Басқарушы қағидаттары кәсіпорындарға олардың қызметінің нақты және ықтимал қолайсыз салдарларын анықтау, алдын алу немесе жеңілдету және қалай жойылатынын есепке алу мақсатында тиісті тексеру жүргізуді ұсынады.
ЭЫДҰ-ның тиісті сақтық жүргізу жөніндегі басшылығы тиісті сақтық және олармен байланысты ережелер бойынша қарапайым түсініктемелер бере отырып, ЭЫДҰ-ның көп ұлтты кәсіпорындарға арналған Басқарушы қағидаттарын іске асыруда кәсіпорындарға практикалық қолдауды қамтамасыз етеді.
ЭЫДҰ-ның тиісті сақтық шараларын жүргізу жөніндегі басшылығы кәсіпкерлерге стандарттарды енгізу үшін 3 негізгі қадамды ұсынады.
Бірінші қадам шеңберінде бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын компанияның ішкі құжаттарына енгізу, бизнесті жауапты жүргізу стандарттарына сәйкес ішкі бақылау жүйесін дамыту, қызметкерлер үшін білім беру тренингтерін өткізу арқылы стандарттарды енгізуді қолдау ұсынылады. Сондай-ақ, бизнесті жауапты жүргізу саясатын жүргізу мәселелеріне жауап беретін компанияның жоғары басшылығындағы тұлғаны тағайындау керек.
Екінші кезеңде бизнесті жауапты жүргізу стандарттарын бұзудың негізгі тәуекелдерін сәйкестендіру, мұндай тәуекелдерді жою және болашақта осындай тәуекелдердің қалыптасуының алдын алу, тұрақты мониторинг жүргізу, мүдделі тұлғалармен қарым-қатынас жасау және бизнесті жауапты жүргізу мәселелеріне қатысты жұмыс нәтижелерін көпшілікке қолжетімді ету, сыртқы аудит жүргізу ұсынылады.
Үшінші кезеңде өткен қолайсыз салдарларды түзету жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру ұсынылады.
Осы ұсынымдарды орындау кәсіпорындарға қызметкерлерге, адам құқықтарына, қоршаған ортаға, парақорлыққа, тұтынушылар мен корпоративтік басқаруға байланысты олардың қызметімен, жеткізу тізбектерімен және басқа да іскерлік қатынастармен байланысты жағымсыз салдарларды болдырмауға және жоюға көмектеседі. Басшылық қосымша түсіндірмелерді, кеңестерді және қажетті сақтық мысалдарын қамтиды.
Басшылық сондай-ақ үкіметтер мен мүдделі тараптар арасында жауапты іскерлік мінез-құлық кезінде тиісті сақтық шараларына қатысты ортақ түсінікке қол жеткізуге жәрдемдесуге бағытталған. БҰҰ-ның кәсіпкерлік және адам құқықтары жөніндегі басшылық қағидаттары, сондай-ақ көп ұлтты кәсіпорындар мен әлеуметтік саясатқа қатысты ХЕҰ қағидаттарының үш жақты декларациясы да тиісті сақтыққа қатысты ұсынымдардан тұрады және бұл басшылық кәсіпорындарға оларды іске асыруға көмектесе алады.
Басшылық Кеңес деңгейіндегі ЭЫДҰ-ның жыл сайынғы министрлік кездесуінде 2018 жылғы 31 мамырда қабылданды.
ЭЫДҰ-НЫҢ КӨПҰЛТТЫ КӘСІПОРЫНДАРҒА АРНАЛҒАН БАСШЫЛЫҚ ҚАҒИДАТТАРЫ
І. Тұжырымдамалар мен қағидаттар
V. Еңбек және өндірістік қатынастар
VI. Қоршаған ортаны қорғау
VII. Парақорлықпен, пара берумен және параны талап етумен күрес жүргізу
VIII. Тұтынушылардың мүдделері
IX. Ғылым және технологиялар