F.A.Q.


ҰБО артықшылықтары қандай? ҰБО өтініштің кідіріссіз (бір жылдан аспайтын мерзімде) және тегін қаралатынына кепілдік береді.
ҰБО-ға өтініш беру тетігі қандай? ҰБО-ға өтініштерді үш тәсілмен беруге болады:
ҰБО қандай құқық бұзушылықтарды қарастырады? Ұлттық байланыс орталығы көпұлтты кәсіпорынның құқық бұзушылық туралы өтініштерін келесі салаларда қарастырады: жалпы саясат, ақпаратты ашу, адам құқықтары, еңбек және өндірістік қатынастар, қоршаған ортаны қорғау, тұтынушылардың мүдделері, ғылым мен технология, бәсекелестік және салық салу, парақорлық, пара алу және бопсалау.
«Ақпаратты ашу» қағидаты нені білдіреді? Бұл қағидат көпұлтты компаниялар өз қызметіне, құрылымына, қаржылық жағдайына, өнімділігіне, меншігі мен басқаруына қатысты сенімді және өзекті ақпаратты уақтылы және тұрақты ұсынуды қамтамасыз етуі тиіс дегенді білдіреді. Ақпаратты ашу саясаты шығындар, қызметтің құпиялылығы және бәсекелестіктің басқа да ерекшеліктері мәселелерін ескеруі керек.
«
Адам құқығы
»
қағидаты нені білдіреді?
«
Адам құқықтары
»
қағидаты халықаралық деңгейде танылған адам құқықтары құрылымының, сондай-ақ Қазақстан заңнамасының шеңберінде көпұлтты компаниялар көлеміне, индустриясына, қызмет түріне, меншік нысаны мен құрылымына қарамастан, көпұлтты компанияның қызметін жүзеге асыру орнына қарамастан, адам құқықтарын сақтауға тиіс екенін білдіреді.
«
Еңбек және өндірістік қатынастар
»
қағидаты нені білдіреді?
«
Еңбек және өндірістік қатынастар
»
қағидаты көпұлтты компаниялар өз қызметінде жұмыспен қамту саласындағы құқықтардың тең мүмкіндіктері қағидатын ұстануға және нәсіліне, түсіне, жынысына, дініне, саяси нанымына, ұлттық шығу тегіне немесе әлеуметтік тиесілігіне қарай өз қызметкерлерін еңбек және жұмыспен қамту саласында кемсітуге жол бермеуге, балалар еңбегіне тыйым салуға, зорлық-зомбылық немесе мәжбүрлі еңбектің барлық нысандарына жол бермеуге тиіс екенін білдіреді.
«
Қоршаған ортаны қорғау
»
қағидаты нені білдіреді?
«
Қоршаған ортаны қорғау
»
қағидатына сәйкес көпұлтты компаниялар кәсіпорынның ерекшеліктеріне сәйкес қоршаған ортаны қорғау және ұтымды пайдалану жүйесін құрып, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуі керек. Шешім қабылдау кезінде көпұлтты компанияның өмірлік циклі бойында процестер, тауарлар мен қызметтер тарапынан экология, денсаулық және қауіпсіздік үшін болжамды салдарларды бағалау, сондай-ақ ескеру. Экологиялық көреген және экономикалық тиімді қоғамдық саясатты дамытуға жәрдемдесу.
«
Тұтынушылардың мүдделері
»
қағидаты нені білдіреді?
«
Тұтынушылардың мүдделері
»
қағидаты шеңберінде көпұлтты компаниялар тұтынушылармен жұмыс істеу кезінде бизнесті, маркетингті және жарнаманы әділ жүргізу практикасын ұстануға, сондай-ақ ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдауға тиіс.
«
Ғылым және технология
»
қағидаты нені білдіреді?
ЭЫДҰ-ның
«
Ғылым және технологиялар
»
Басшылық қағидатына сәйкес көпұлтты компаниялар өз қызметінің Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты мен жоспарларына сәйкестігін қамтамасыз етуге ұмтылуы тиіс, сондай-ақ жергілікті және ұлттық инновациялық әлеуетті дамытуға жәрдемдесуі тиіс. Мүмкіндігінше жоғары оқу орындарымен, мемлекеттік зерттеу институттарымен байланысты дамыту және жергілікті өндірушілермен немесе салалық бірлестіктермен бірлескен зерттеу жобаларына қатысу.
«
Бәсекелестік
»
қағидаты нені білдіреді?
«
Бәсекелестік
»
қағидаты шеңберінде көпұлтты компаниялар өз қызметін
«
Бәсекелестік туралы
»
ҚР Заңына және көпұлтты компаниялардың қызметі бәсекелестікті шектеуге алып келуі мүмкін бәсекелестік мәселелерін реттейтін өзге де заңнамалық актілерге сәйкес жүзеге асыруы қажет. Өз қызметінде: бағалық сөз байласуды жүзеге асыруға, конкурстық сауда-саттықта жалғандық жасауға, өндіріске шектеулер немесе квота енгізуге не коммерциялық қызметтің клиенттерін, өнім берушілерін, аумақтарын немесе бағыттарын бөлу арқылы нарықтарды бөлуге немесе бөлшектеуге бағытталған келісімдерді қоса алғанда, бәсекелестер арасында монополиялық келісімдердің мынадай түрлерін жасасуға немесе жүзеге асыруға жол бермеу.


Бет:  1  2  3





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!




0