F.A.Q.


«
Салық салу
»
қағидаты нені білдіреді?
«
Салық салу
»
қағидаты бойынша көпұлтты компаниялар қадағалау және тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде салық заңнамасын сақтауы тиіс. Көпұлтты компаниялардың ынтымақтастық, ашықтық және салық заңнамасын сақтау жөніндегі міндеттемелері тәуекелдерді басқару жүйесінде, сондай-ақ тиісті құрылымдар мен саясаттарда көрсетілуге тиіс.
«
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
»
қағидаты нені білдіреді?
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» қағидаты шеңберінде көпұлтты кәсіпорындар өз бетінше де, делдалдар арқылы да билік органдарымен немесе серіктестермен қатысты пара ұсынбауы немесе оларды талап етпеуі тиіс. Кәсіпорындар парақорлыққа тыйым салуы керек және саяси мақсаттарға арналған кез-келген қайырымдылықтың қоғамдық сыбайлас жемқорлықтың ашықтық талаптарына толық сәйкес келуін және бұл туралы басқару органдарына хабарлануын қамтамасыз етуі керек.
Өтінішті тікелей ЭЫДҰ-ға беруге бола ма? Өтінішті тікелей Ұлттық байланыс орталығына жолдау керек. ЭЫДҰ-да шағым беру тетігі жоқ. Егер Көпұлтты кәсіпорынның бас кеңсесі басқа елде орналасқан болса (немесе Көпұлтты кәсіпорын басқа елде өз қызметін жүргізетін болса), міндетті түрде басқа елдегі Ұлттық байланыс орталығы ЭЫДҰ-ның Басшылық қағидаттарының бұзылуы туралы өтініш алғаны туралы хабардар етіледі.
ҰБО қызметт
ері қанша тұрады?
Ұлттық байланыс орталығында өтініштерді қарау тегін.
ҰБО медиация шығындарын өтей ме?
Тараптардың таңдауы бойынша медиатор қызметтерін мыналар ұсына алады:
Өтініштерді беру тәртібі қандай? Шағымдарды беру және қарау тетігі ҰБО сайтында танысуға болатын ҰБО-ның ЭЫДҰ Басшылық қағидаттарын бұзу туралы өтініштерді қарау тәртібінде жазылған.
ҰБО құпиялылық қағидатын ұстанады ма? ҰБО өтініш бойынша істі қарау барысында алынған құпия және іскерлік ақпараттың қорғалуын қамтамасыз етеді. ҰБО веб-сайтында жалпыға қолжетімді құжаттардан басқа, ҰБО қарайтын өтініш бойынша құжаттама құпия болып табылады және ақпаратқа қол жеткізу режимін қоса алғанда, жариялауға жатпайды.
Өтініштің орындалу мәртебесін қалай білуге болады? Өтінішті қарау барысы мен мәртебесі ҰБО сайтында орналастырылады


Бет:  1  2  3





... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!




0