Дағдарысқа қарсы шаралар

19.11.2020

2020 жылғы 2-13 қараша аралығында ХВҚ-ның Қазақстан бойынша миссиясының басшысы Николя Бланшенің басшылығымен мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор мен қаржы нарығы ұйымдарының өкілдерімен ХВҚ қызметкерлерінің онлайн-кездесулері өтті.

Іс-шаралар Қазақстанның ағымдағы қаржы-экономикалық дамуына шолу жасау, ақша-кредит және салық-бюджет саясатының перспективаларын бағалау, сондай-ақ ағымдағы дағдарыс кезеңіндегі қолдау шаралары мақсатында өткізілді.

Миссия басшысы Николя Бланшенің айтуынша, Ұлттық Банк пен Үкіметтің COVID-19 пандемиясына қарсы шаралары және сыртқы жағдайлардың күрт нашарлауы қатаң және уақтылы болды. ХВҚ Ұлттық банктің инфляциялық нысаналау саясатын ұстануын, сондай-ақ пандемияға қарсы мемлекеттік шараларды жоғары бағалады. Қор дағдарыстан кейінгі кезеңде неғұрлым тұрақты және инклюзивті өсуге бейілділікті табанды түрде қолдайды.

Кездесу барысында экономикалық белсенділікті қалпына келтіру, ШОБ пен халықты қолдау шаралары, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Сапар қорытындысы бойынша ХВҚ миссиясының ХВҚ мен Қазақстан Ұлттық Банкінің сайттарында жарияланған қорытынды мәлімдемесі дайындалды. IV-бап бойынша консультациялар аясында ХВҚ миссиясының келесі сапары 2021 жылдың көктемінде өтеді.


Қарау саны: 1782
Сақталған: 06.02.2023




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!