QazCovid-in

20.12.2020

ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында (ҒЗИ) QazCovid-in отандық вакцинасын клиникалық сынаудың I және II фазалары жүргізілді. Зерттеудің алдын-ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін 96% деңгейінде көрсетеді

Жамбыл облысының Қордай ауданында орналасқан ҒЗИ-ға Асқар Мамин сапармен барды. Премьер-Министрдің баспасөз қызметінің мәліметінше, үш мың еріктіге клиникалық зерттеулердің қорытынды III кезеңінің басталуы мақұлданды.

Қазіргі уақытта алғашқы еріктілер Алматы және Тараз қалаларының клиникаларында отандық вакцинамен егілді. Ағымдағы жылдың желтоқсан айының соңына дейін үш мың еріктіні вакцинациялау аяқталады. III фазаны өткізу үшін 10 мың доза көлемінде вакцинаның қажетті партиясы шығарылатын болады.

"Отандық вакцинамен жаппай егу 2021 жылдың наурыз айында басталады. Бірінші кезекте ерікті негізде медицина қызметкерлері, педагогтар, сондай - ақ созылмалы аурулары бар тәуекел топтарының өкілдері егілетін болады", - деп хабарлады Мамин.

Премьер-Министр вакциналар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылыс барысымен танысты. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде. Зауытты 2021 жылдың наурыз айында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Өндіріс қуаттылығы жылына 60 млн. дозаны құрайды. Үкімет басшысы иммунобиологиялық дәрілік препараттардың, оның ішінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың отандық өндірісін қамтамасыз ету үшін ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ҒЗИ материалдық-техникалық базасын одан әрі дамыту мен жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті.

Премьер-Министр ҒЗИ ғылыми қызметкерлеріне арналған 180 пәтерлік үш үйдің құрылыс алаңына барды. 60 пәтерлі бірінші үй 2021 жылдың қаңтарында пайдалануға беріледі.




Қарау саны: 2846
Сақталған: 18.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!