Жалпыға бірдей декларациялау

05.01.2021

Декларациялаудың төрт кезеңінің біріншісі 2021 жылдың 1 қаңтарында басталды. Оның шеңберінде жауапты мемлекеттік қызметті атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары; мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті адамдар және оларға теңестірілгендер, сондай-ақ олардың жұбайлары; «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ақпарат беру міндеті жүктелген тұлғалар декларация тапсыруға міндетті.

Жеке тұлғалар бірінші жылы  декларациялау жүйесіне кірмей тұрып, активтері мен міндеттемелері туралы- 250.00 Форма кіру декларациясын ұсынуға міндетті. Құқықтары және (немесе) мәмілелері шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес шетел мемлекетінің құзыретті органынд мемлекеттік және өзге де тіркеуге жататын мүлік көрсетуге жатады. Осы мүліктер тізіміне мыналар кіреді: жылдымайтын мүлік, жер участкелері және (немесе) жер үлескілері, әуе және теңіз көлігі, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» кемелері, көлік құралдары, арнайы техника және (немесе) тіркемелер; Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктердегі банктік шоттардағы, жиынтықта барлық банктік салымдар бойынша республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыста болатын есептік көрсеткіштің 1000 еселенген сомадан асатын ақшалар.

Сонымен қатар, ҚР-дағы  және (немесе) оның шегінен тыс жерлердегі мүлік туралы мәліметтерді көрсету қажет, мысалы: тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша тұрғын үйдегі үлес; ҚР-нан тыс жерлерде құрылған заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі; туынды қаржы құралдары (туынды қаржы құралдарын қоспағанда, олардың орындалуы базалық активті сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылады); инвестициялық алтын; зияткерлік меншік, авторлық құқық объектілері.

Сондай-ақ, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларация тапсырған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша есептелген ең төменгі есептелген көрсеткіштің 10000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомадағы қолма-қол ақша; банктер мен ҚР банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңнамасына сәйкес  құрылған банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын  ұйымдар алдындағы берешектерді қоспағанда, міндеттеме немесе нотариалды куәландырылған талаптың туындауына негіз болатын келісім немесе басқа құжат болған жағдайда басқа тұлғалардың жеке тұлға алдындағы берешегі (дебиторлық берешек) және (немесе) жеке тұлғаның берешегі (кредиторлық берешек) көрсетіледі.

Сонымен қатар, қымбат бір мүлік болған жағдайда, мысалы, өнер туындылары және оның бірлігі үшін құны ең төменгі есептелген көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын т.б заттар.

Декларация тапсырудың мерзімдері Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне тұрғылықты (болу) жері бойынша қағаз жүзінде кіретіндер үшін - 2021 жылғы 15 шілдеден кешіктірмей немесе электронды түрде - 2021 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірмей. Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электронды түрде «Салық төлеушілер кабинеті» (cabinet.salyk.kz), «электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyq Azamat mobile және eGov mobile  қосымшалары арқылы ұсынуға болады.

Декларация тапсырудың екінші кезеңі 2023 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді. Осы уақыттан бастап декларациямен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері мен олардың жұбайлары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайлары есеп беруі керек болады.

Үшінші кезең 2024 жылдың басында жоспарланған. Активтерді декларациялау жөніндегі міндеттеме заңды тұлғалардың басшыларына, құрылтайшыларына (қатысушыларына) және олардың жұбайларына, жеке кәсіпкерлерге және олардың жұбайларына таралады.

Төртінші кезең 2025 жылы басталады, қалған санаттағы азаматтар, яғни елдің барлық дерлік ересек тұрғындары декларация тапсыруы тиіс болады.


Қарау саны: 2851
Сақталған: 17.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!