2020 қорытындылары

13.01.2021

Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов Үкімет отырысында 2020 жылғы елдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.   

Руслан Даленов атап өткендей, 2020 жылы экономика дамуының негізгі факторлары экономиканы қолдаудың ауқымды шаралар, өндіруші емес секторлардағы инвестициялық белсенділік, нақты сектордағы өсім және сауда теңгерімінің оң сальдосы, сондай ақ экономикаға несие беру көлемінің ұлғаюы болды.

«2020 жылғы қорытындылары ағымдағы жылда экономикалық өсуге берік негіз салады», - деді министр.

Оның айтуынша, 2020 жылы нақты сектордың өсуі 2,0% құрап экономикалық драйверге айналды. Қызмет көрсету саласы үшін жыл -5,6% аяқталды, дегенмен соңғы айларда серпін қалпына келе бастады. Нәтижесінде ЖІӨ өсу қарқыны -2,6% құрады, бұл 11 айдағы динамикадан жоғары.

Нақты сектордың барлық дерлік салалары мен қызметтердің жекелеген түрлері оң өсу қарқынын көрсетеді. Бұл құрылыс (11,2% өсім), ақпарат және коммуникация (8,6%), ауыл шаруашылығы (5,6%), өңдеу өнеркәсібі (3,9%), білім беру (2,3%)

Ұлттық экономика министрлігі деректері бойынша экономика құрылымын сапалы өзгерісі орын алды.

2020 жылы өнеркәсіптің жалпы көлемінде өңдеу үлесі 2019 жылғы  39,4% - дан 2020 жылғы 48,8% дейін 9,4 п.п өсті.

Өңдеу өнерәсібінің озық өсімі байқалды. Өңдеу өсуінің қарқыны 3,9% дейін жылдамдаған.

Сонымен бірге тау кені өнеркәсібі ОПЕК+ келісімі шеңберінде мұнай қысқаруынан 3,7% төмендеген.

Даленов пікірі бойынша, нәтижесінде жалпы өнеркәсіптің нақты көлемінің индексі  99,3% құрады.

Жеңіл өнеркәсібі, автомобиль құрылысы және дайын металл бұйымдарының екі таңбалы өсімі байқалды. Өңделген, дайын өнімнің экспорты ұлғайды.

«2020 жылдың 11 айында сыртқы сауда айналымы 77,7 млрд долларды, оның ішінде экспорт - 43,4 млрд долларды құрады.Қазақстанның экспорты әлемнің 117 еліне жүзеге асырылады. Дайын, өңделген тауарлардың 3 183 түрі (СЭҚТН 6 белгісі бойынша) экспортталды. Импорт 34,4 млрд долларды құрады, осылайша, 9 млрд доллар деңгейіндегі оң сауда теңгерімі қамтамасыз етілді», - деді Ұлттық экономика министрі.

Жалпы тұтынуда қазақстандық тауарлар үлесі 4,7 п.п. деңгейінде байқалады.

Электрондық сауда үлесінің 6п.п. және қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің 2 есеге өсуі байқалады.

Руслан Даленов сонымен қатар елдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы атап өтті.

«2020 жылы тұрғын үйдің рекордты көлемі – 15,3 млн.шаршы м. пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылғы деңгейден  16,8% жоғары», - деп хабарлады ол.
 
15 өңірлер оң өсуді көрсетті. Неғұрлым жоғарылау Нұр-Сұлтан қаласында – 1,7 есеге артқаны байқалған.

Министрліктің басшысы бұдан бұрын Сенаттың жалпы отырысында экономикалық өсімді қалпына келтіру туралы заң жобасына түзетулерді ұсынған.

Ведомтсво хабарлауынша, ұсынылған түзетулер 85 заңнамалы актілер, оның ішінде 14 кодекстер мен 71 заңдарға 9 бағыт бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізуді көздейді.  Бұл инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті және нақты секторды, тұрақты қаржылық нарықты, цифрландыру, жобаларды басқаруды, ақша-несие, әлеуметтік және сауда саясатын дамыту.

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында дүйсенбі күні «Жалпы, заң жобасын қабылдау экономика салаларының, оның ішінде пандемияға байланысты шектеу шаралары салдарынан зардап шеккендердің дамуын ынталандырады, сонымен қатар тұрақты экономикалық өсуге негізді қамтамасыз ететін болады», - деп Даленов түсіндірді.


Қарау саны: 2713
Сақталған: 13.01.2021






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!