VII-ші шақырылымдағы Парламент

15.01.2021

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламентінің жетінші шақырылымының бірінші сессиясын шақыру туралы» жарлыққа қол қойды.

14 қаңтарда Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабы 2-тармағына сәйкес Президент: жетінші шақырылымның Қазақстан Республикасы Парламентінің бірінші сессиясын 2021 жылы 15 қаңтарда сағат 10-да Нұр-Сұлтан қаласында шақыру туралы жарлық етті.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы VII-ші шақырылымының Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 107 депутатын тіркеді: «Нұр Отан» - 76 депутат; Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы - 12 депутат; Қазақстан халық партиясы - 10 депутат; Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлаған - 9 депутат.

«Жетінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тіркеу туралы» қаулы ҚР ОСК отырысы барысында қабылданды.

ОСК төрағасы Берік Имашев «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» ҚР КЗ-ға сәйкес, парламент депутатының өкілеттігі оны Орталық сайлау комиссиясы парламент депутаты ретінде тіркеген сәттен басталатынын атап өтті.

 
 


Қарау саны: 3002
Сақталған: 16.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!