Президенттік жастар кадр резерві

22.01.2021

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Ашық НҚА» порталында Мемлекет басшысының «Президенттік Жастар кадрлық резервінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығының жобасын дайындап, орналастырды.

Жарлық жобасына сәйкес Президенттік жастар кадр резервін қалыптастыру қағидалары өзгертіледі.

Атап айтқанда, резервке іріктеуге 40 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде он жыл еңбек өтілі, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар ҚР азаматтары қатысатын болады.

Резервке іріктеуге қатысуға Президент тағайындаған мемлекеттік қызметшілер, саяси қызметшілер, «А» корпусының әкімшілік қызметшілері, президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар жіберілмейді.

Президенттік Жарлықтың жобасын әзірлеушілердің айтуынша, өзгерістер «алдыңғы тәжірибеге сүйене отырып, сондай-ақ алдыңғы жұмыстардағы нақты қайта құру тәжірибесі бар трансформациялық көшбасшыларды анықтауға баса назар аударумен байланысты».

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге қатысушыларға қойылатын негізгі талаптардың ішінде-Қазақстан Республикасының азаматтығы, жасы 35-ке дейін, білімі және жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес. Президент тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілерді қоспағанда, талаптарға сәйкес келетін барлық азаматтар Резервке іріктеуге қатыса алады.

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу 2019 жылы сайланған жаңа мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша жүргізілді. Оны құру идеясын ол өзінің сайлауалды бағдарламасында жария етті.

Сол кезде Мемлекет басшысы резервтің жастар үшін тиімді әлеуметтік лифтіге айналуы тиістігін атап өтті. Іріктеуге түрлі сала өкілдері, түрлі мамандық иелері қатыса алады. Бұл міндетті түрде мемлекеттік қызметкерлер емес, квазимемлекеттік сектор, жеке сектор, азаматтық қоғам өкілдері бола алады. Резерв жедел шешім қабылдауға және өзгермелі жұмыс жағдайларына тез бейімделуге қабілетті «жаңа формация»  басшылары деп аталатын мемлекеттің жоғары басқарушылық лауазымдарына әлеуетті үміткерлерді біріктіреді.


Қарау саны: 1832
Сақталған: 06.02.2023




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!