Зияткерлік меншік объектілері

25.01.2021

Қазақстанда зияткерлік меншік объектілерінің кедендік тізіліміне (ЗМОКТ) енгізу ережелері жеңілдетілді. Енді тізілімге енгізуге өтініш берген кезде құқық иеленушілердің зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу фактісін растайтын құжатты ұсыну қажеттігі алып тасталды.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң күшіне енді. Бұл құжат "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының кодексінен 461-баптың 3-тармағының 3) тармақшасын алып тастайды, оған сәйкес бұрын құқық иеленушілер зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұза отырып, ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу фактісін растауға тиіс болған. 

Бұл норма құқық иеленушілер үшін зияткерлік меншік объектілерін тізілімге енгізу кезінде кедергі болды. Яғни, аталған норма ЗМОКТ-қа құқық бұзушылықтар анықталған зияткерлік меншік объектілерін ғана қосуға мүмкіндік берді. Ал зияткерлік меншік объектісінің иесі Қазақстан нарығына алғаш рет зияткерлік меншік объектісін ЗМОКТ-қа енгізу ниетімен келіп, зияткерлік меншік объектілеріне өз құқықтарын қорғауды жүзеге асыруға мүмкіндігі болмады. 

Енді ЗМОКТ-қа қосуға өтініш берген кезде құқық иеленушілердің зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды бұза отырып, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізу фактісін растайтын құжатты ұсыну қажеттігі алып тасталды.


Қарау саны: 2218
Сақталған: 25.01.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2023 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!