Samruk Business Forum

12.02.2021

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 ақпанда Samruk Business Forum Отандық кәсіпкерлерді қолдау форумында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы бұл форумның қазақстандық бизнес пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры үшін маңыздылығын атап өтті:

"15-тен астам бағыт бойынша өте жақсы және мазмұнды жоспарлар бар. Атап айтқанда, холдингтің сатып алуын оңтайландыру бойынша үлкен жұмыс атқарылды, кәсіпорындарды, оның ішінде тоқтап тұрған кәсіпорындарды қолдау бағдарламасы әзірленді", — деп атап өтті Тоқаев.

Мемлекет басшысы сондай-ақ ірі мемлекеттік корпорациялар мен бизнес өкілдерінің әріптестігін қолдайтынын айтты, бұл пандемияның экономикалық салдарымен күресу үшін ерекше маңызды болып табылады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, отандық өнеркәсіпті дамытуда квазимемлекеттік секторға, әсіресе "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ маңызды рөл беріледі. Мемлекет басшысы форумға қатысушылардың назарын бірлескен инновациялық әзірлемелердің мүмкіндіктерін неғұрлым тиімді пайдалану, қордың ірі кәсіпорындарының айналасында қосылған құн тізбегін құру, инфрақұрылымдық қолдау көрсету, адами капиталды дамыту және экспорттық нарықтарды игеру қажеттігіне аударды.

Отандық өндірушілер өз кезегінде Президентке технология саласындағы әзірлемелерді көрсетті.

Атап айтқанда, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының құрамына кіретін "Қазақтелеком" АҚ жаңа жоғары технологиялық құралдарды әзірлеу және қолдану жөніндегі ҰӘҚ саясатын іске асыруға белсенді қатысады. Ірі телекоммуникациялық оператор елде жасалған барлық сатып алулар туралы деректерді біріктіру мүмкіндігіне ие. Big Data құралдарын телеком-компания фискалдық деректерді талдау үшін де пайдаланады, ол экономиканың турбуленттілігі және оны кейіннен қалпына келтіру кезеңінде мемлекеттік басқару және бюджетті жоспарлау тұрғысынан ерекше өзектілікке ие болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев темекі өнімдерін таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмысымен танысты, бұл Data matrix кодының көмегімен тауар қозғалысының барлық циклін өндірушіден соңғы тұтынушыға дейін бақылауға мүмкіндік береді. Жалған өнімнен сенімді қорғалған бұл код темекінің әр партиясының өндірушісі, олардың көтерме және бөлшек сатушылары туралы ақпаратты қамтиды және арнайы сканерлердің көмегімен оқылады, өнімнің әрбір келесі маржасын бекітеді. Жүйе қазақстандық нарықты контрафактілік және контрабандалық өнімдерден тазартуға мүмкіндік береді, бұл ретте әрбір сатып алушы тегін мобильді қосымшаның көмегімен өнімнің шығу тегін өз бетінше тексере алады.

Форум барысында қатысушылар жалпы сомасы 67 млрд теңге болатын тікелей офтейк - немесе алдын ала келісімшарттар мен стратегиялық келісімдерге қол қойды.

 




Қарау саны: 2764
Сақталған: 21.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!