Nur Otan партиясының бағдарламасы

15.02.2021

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин бейнеконференция байланысы режимінде ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы, фракция жетекшісі Нұрлан Нығматулин өткізген «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысына қатысты.

«Nur Otan» партиясының төрағасы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» партиясыныі сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы әзірленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлауалды бағдарламаның уақытылы және тиімді орындалуы бойынша шаралар қабылдауды тапсырды», - деді Мамин құжатты депутаттарға ұсына отырып.

Жол картасы Сайлауалды бағдарламаның төрт бағытын іске асыру бойынша 362 іс-шараны қамтиды: «Баршаға тең мүмкіндік», «Зияткер, саламатты және ыждағатты ұлт», «Экономика мен өңірлердің тұрақты дамуы», «Халыққа есеп беретін мемлекет және жауапты азаматтар».

Мыналар іске асырылатын болады:
  • тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту, оның ішінде жеңілдікті әлеуметтік тұрғын үй, әйелдер кәсіпкерлігін, мектепке дейінгі және орта білім беруді дамыту арқылы қазақстандық отбасыларды қолдау және нығайту жөніндегі жүйелі шаралар;      
  • қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымын одан әрі дамыту және жаңғырту, республикалық жолдарды қайта жаңарту және жол бойындағы сервиспен қамтамасыз ету жөніндегі шаралар;
  • теңгерімделген макроэкономикалық саясат, экономиканы одан әрі әртараптандыру, инвестицияларды нысаналы тарту және экспортты белсенді ілгерілету;
  • халықты жұмыспен қамтуды сақтау және ұлғайту жөніндегі кешенді шаралар - жыл сайын жұмыспен қамтудың белсенді нысандарымен кемінде 700 мың адам қамтылатын болады;
2025 жылға қарай мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық форматқа көшіру «Әзірленген Жол картасының жобасы Nur Otan партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын толыққанды және сапалы іске асыруға қажетті барлық шараларды қамтиды. Үкімет барлық іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді. Барлық шараларды іске асырудың нәтижесі жаңа шындық жағдайында халықтың тұрмыс сапасы мен әл — ауқатының нақты артуы болады», - деп жеткізеді Маминнің сөзін Үкіметтің баспасөз қызметі.

Жекелеген салалар бойынша жол карталары өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлердің ұсыныстарын қарау нәтижелері бойынша әзірленгенін атап кеткен жөн. «Ел үміті» жобасының белсенділері экономиканы дамыту бойынша 150-ден астам бастама дайындады.
 
«Салалық менеджерлердің әрбір ұсынысын тиісті мемлекеттік органдар егжей-тегжейлі қарады. Әр сала бойынша «Жол карталары» әзірленді. Енді біздің басты міндетіміз-олардың практикалық іске асырылуын қамтамасыз ету. Міндеттердің басым бөлігі осы жылдың соңына дейін орындалуы тиіс, бұл өте маңызды. Ең бастысы-нәтижелерді көруге болады. Ұсынылған бастамаларды іске асыру Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспары шеңберінде қалыптастырған жоспарларға қол жеткізудің маңызды факторына айналатынына сенімдімін» - деді Асқар Мамин 12 ақпанда Салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына қатысушылардың форумы барысында.
 
Өзгерістерді басқару жөніндегі салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасын Нұрсұлтан Назарбаев Қоры мен ҚР Үкіметінің жобалық кеңсесінің өкілдері іске асырды. Конкурс қорытындысы бойынша 234 сарапшы іріктелді. Олардың барлығының, оның ішінде жетекші ұлттық және шетелдік ұйымдарда үлкен практикалық жұмыс тәжірибесі бар. Бағдарламаға менторлар ретінде 64 маман қатысты, олар Қазақстан, АҚШ және Еуропа елдерінің мемлекеттік және жеке секторының өкілдері болып табылады.


Қарау саны: 1756
Сақталған: 15.02.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!