Құрылыс индустриясын дамыту

24.02.2021

15 наурызға дейін мемлекеттік органдарға құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және Үкіметке енгізу тапсырылды. Премьер-Министр Асқар Маминнің айтуынша, тұрғын үй саясатын тиімді іске асыру 2030 жылға қарай тұрғын үймен қамтамасыз етуді бір адамға 30 шаршы метрге дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Құрылыс материалдарының жеке өндірісін белсенді дамыту қажет, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрі сейсенбі күні Үкімет отырысында.

"Тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің өсуімен құрылыс материалдарына деген қажеттілік заңды түрде өсіп келеді. Олардың басым бөлігі Қазақстанда өндіріледі. Құрылыс материалдарының жеке өндірісін одан әрі белсенді дамыту қажет", - деп түсіндірді ол.

Премьер атап өткендей, Қазақстанда жеке инвесторлар есебінен 63 млрд.теңгеге газдалған бетон блоктарын, қасбеттік плиталарды, жылу оқшаулағыш материалдарды, сэндвич-панельдерді, темірбетон конструкцияларын шығару бойынша жобалар іске асырылатын болады. "Бұл бағыттағы жұмысты жалғастыру керек. Индустрия министрлігіне "Самұрық-Қазына" холдингімен және "Атамекен" ҰКП - мен бірлесіп, ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін құрылыс индустриясын дамыту жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын әзірлеуді және Үкіметке енгізуді тапсырамын", - деп толықтырды Асқар Мамин.

Құрылыс жоспарын іске асыру үшін елімізде тұрғын үй саясатын реформалау жүргізілуде. Реформалар шаршы метрге қолжетімділікті одан әрі арттыру, жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке құрылыс салушылардың инвестицияларын тартуды ынталандыру жөніндегі жаңа шаралар кешенін көздейді. Нарық жағдайында тұрғын үйді қаржыландыру көлемін арттыру бойынша тәсілдер әзірленді.

Ағымдағы жылы барлығы 17 млн шаршы метр пайдалануға беру көзделген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 млн шаршы метрге артық, деп нақтылады премьер-министр.

"Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне ағымдағы жылдың 25 наурызына дейін Үкіметке тиісті заң жобасын енгізуді тапсырамын. Заңнамалық түзетулер қабылданғаннан кейін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына да тиісті өзгерістер енгізу қажет", – деді Мамин.

Өңірлердің барлық әкімдіктері ағымдағы жылы бөлінген қаражатты толық игеруді және тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша барлық көрсеткіштерге қол жеткізуді қамтамасыз етуі қажет. "Өңірлерде құрылыс маусымын уақтылы бастау маңызды. Сондай-ақ, жер учаскелерін уақтылы бөлу, оларға қажетті инфрақұрылым жүргізіп, тиісті жобалық құжаттаманы әзірлеуді уақтылы бастау қажет. Кешігулер болмауы тиіс", - деп түйіндеді ол.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, Президенттің тапсырмаларын орындау аясында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасында белгіленген баға параметрлері бойынша салынып жатқан тұрғын үй көлемінің 50% - ын берген жағдайда әкімдіктерге тұрғын үй және әлеуметтік объектілер (мектептер, ауруханалар) салу үшін құрылыс салушының өз қаражаты есебінен жер учаскелерін алып қою құқығын беру ұсынылады.

"Сондай-ақ, бұл нысандар құрылыс салушының өз учаскелерінде салынған жағдайда, балама жер учаскелерін беру немесе құрылыс салушының шығындарын өтеу ұсынылады. Бұл ретте құрылыс үшін жер учаскелері жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сату жөніндегі сауда – саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес берілетін болады", - деді ол Үкімет отырысы барысында.

Сонымен қатар, министрлік тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша қосымша шаралар ұсынады. "Олардың ішінде жалға берілетін тұрғын үй пулдарын қалыптастыру және жылжымайтын мүліктің жеке әлеуметтік қорларын құруды ынталандыру; нарықтық қорландыруды (халықтың депозиттері, зейнетақы жинақтары) тарту және қарыз бойынша шығыстарды субсидиялау; жеке құрылыс салушыларды жобалық қаржыландыру тетігін енгізу; үлестік құрылыс бойынша құрылыс компанияларының рейтингін енгізу; жосықсыз құрылыс салушылардың жауапкершілігін қатаңдату", – деп атап өтті министр.

Барлық шаралар қабылданған жағдайда еліміздің барлық өңірлерінде қосымша 1,7 млн шаршы метр немесе 28 мың пәтер салынатын болады. "Тұрғын үй құрылысына инвестициялар қосымша 300 млрд теңгені құрайды. Бұл: 55 мың жұмыс орнын құруға; 40 млрд теңгеге салық түсімдерін қамтамасыз етуге; ауқым тиімділігі есебінен 530 млрд теңгеге жуық тауарлар, жұмыстар мен қызметтер өндіру бойынша сабақтас салаларды іске қосуға мүмкіндік береді", – деп нақтылады Атамқұлов.

Бұл ретте тұрғын үй саясатының жаңа тәсілдерін іске асыру мақсатында қолданыстағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет, деп есептейді ол. "Қазіргі уақытта Министрлік "Тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң жобасының тұжырымдамасын дайындады және ағымдағы жылдың 5 ақпанында ведомствоаралық комиссияда мақұлданды. Тиісті заң жобасы әзірленіп, сараптама алуға жіберілді (ғылыми-құқықтық, экономикалық және т.б.). Барлық келісу рәсімдерінен өткеннен кейін заң жобасы ағымдағы жылдың сәуір айында белгіленген тәртіппен ҚР Үкіметіне енгізілетін болады", – деп түйіндеді Атамқұлов.

Министр сондай-ақ, Отбасы Банкінің базасында Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы құрылатынын хабарлады. Ол тұрғын үйге мұқтаж барлық адамдардың есебін жүргізу, қою және есепке алуды, сондай-ақ пәтерлерді тұрғын үйге қолжетімділік сатысына сәйкес қою күні бойынша бөлуді орталықтандырып жүзеге асыратын болады.


"Тұрғын үй алуға кезекте тұрған азаматтардың саны жыл сайын орта есеппен 50 мыңға артып, бүгінде 548 мың адамды құрайды. Отбасы мүшесіне шаққанда бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табысы бар кезекте тұрғандар, негізінен көп балалы отбасылар, жетім балалар, мүгедек балалары бар отбасылар және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтары жеке жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялау тетігі арқылы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі",-деп түсіндірді министр. Бұл ретте табысы бір ең төменгі күнкөріс деңгейінен жоғары кезекте тұрғандар, негізінен бұл мемлекеттік қызметкерлер, бюджет қызметкерлері, толық емес отбасылар және басқа кезекте тұрғандар (жыл сайынғы өсімі 32 мың адам) жеңілдікті қарыз алу арқылы тұрғын үй сатып алатын болады.


Қарау саны: 2672
Сақталған: 18.04.2024






... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!