Отбасының әлеуметтік картасы

19.03.2021

Қазақстанда аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін кедейлікті анықтаудың абсолюттік әдістемесі қолданылады. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин тиісті көрсеткіштерді анықтау тетігі туралы айтты.

ҚР азаматтарына мемлекеттік көмек көрсету мақсатында әлеуметтік зерттеулер тоқсан сайынғы негізде жүргізіледі және ғылыми тәсілдерге негізделген жетілдірілген әдістеменің арқасында облыстық деңгейде деректердің репрезентативтілігін қамтамасыз етеді.

"Бұл әдістеме ең төменгі күнкөріс деңгейіне негізделген және әлеуметтік қолдау көрсету өлшемшарты ретінде, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер (атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақы, жәрдемақы, тұрғын үй көмегі және т.б.) мөлшерін белгілеуде қолданылады. Кедейлікті бағалау көзі үй шаруашылықтарын (12000 үй шаруашылығы) іріктеп зерттеу болып табылады", - деп жазды Асқар Мамин депутаттық сауалға берген жауабында.

Үкімет басшысы кедейлікті есептеуде үй шаруашылығының бірнеше мүшесінің бірге тұруынан үнемдеудің әсерін есепке алу мақсатында балама шәкіл қолданылатынын атап өтті. Үй шаруашылықтарының өзінің материалдық әл-ауқатына қатысты субъективті пікірін көрсететін субъективті кедейліктің есебі, сондай-ақ тұтынуға пайдаланылған халықтың жан басына шаққандағы орташа табыстарының орташа мәнінің 60% өлшемін қолдана отырып, салыстырмалы кедейліктің есебі жүргізіледі. Сондай-ақ құндық көрсеткіштер көмегімен бағалауға келмейтін халық өмірінің аспектілерін: денсаулық, білім, өмір сүру жағдайлары, жеке қауіпсіздік, құқықтар мен мүмкіндіктерді кеңейту және т. б. қамтитын көп өлшемді кедейліктің мәні пайдаланылады.

Көп өлшемді кедейлік көрсеткіштерін есептеу үй шаруашылықтарын шағын өлшемді зерттеу негізінде жүргізіледі.

"Сонымен қатар, отбасының әл-ауқатын автоматты түрде анықтау үшін 2019 жылдан бастап "Әлеуметтік көмек" платформасында отбасының электрондық әлеуметтік картасы қолданылады. Бүгінгі күні онда отбасылардың цифрлық әлеуметтік карталары қалыптастырылып, ел бойынша 18,4 млн. адам (халықтың 100%) қамтылды. "Әлеуметтік көмек" АЖ-да қалыптастырылған әлеуметтік карталар негізінде әрбір отбасының қиын өмірлік жағдайының деңгейіне автоматты түрде мониторинг жүргізу мүмкіндігі іске асырылды. Жүйе 19 параметр бойынша (экономикалық жағдайлар, денсаулық жағдайы, білім беру мекемелеріне қолжетімділік, тұрғын үй жағдайлары, әл - ауқаттың әлеуметтік факторлары және т.б.) отбасы бойынша жинау мен талдауды жүргізеді және оның әл-ауқатының/қолайсыздығының (дағдарысты, шұғыл, қолайсыз, қанағаттанарлық және қолайлы) 5 деңгейін шығарады", - деп түйіндеді Мамин.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ҚР Парламентінің депутаттары ана капиталы және балалы отбасыларға көмек көрсету мәселесін көтеріп, бала туғаны үшін 4,2 млн теңгеден төлеу туралы ұсыныс жасаған болатын.
 
Анықтамалық: 2020 жылғы қаңтар–желтоқсанда секвестрленбейтін (яғни қысқартуға жатпайтын) республикалық бюджет бағдарламалары 4,2 трлн теңге мөлшерінде орындалды — бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,4% - ға артық. Атап айтқанда, баланың туылуына байланысты біржолғы мемлекеттік жәрдемақылар 52,3 млрд теңгені, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы — 31,7 млрд теңгені, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар мен қамқоршыларға берілетін жәрдемақы — 49,6 млрд теңгені, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы 49,1 млрд теңгені құрады.

Соңғы жылы елде 425,6 мың адам дүниеге келді — бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 5,6% - ға көп.


Қарау саны: 1575
Сақталған: 19.03.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!