рус / eng / kaz    
     

47 мың ШОБ жобасы

05.05.2021

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткізілген Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев пандемия кезіндегі шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы баяндады.

«Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанда жеңілдікпен қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде 663 млрд теңгеге 16 мыңнан астам ШОБ жобасына қолдау жасалды. Ағымдағы жылғы қорытынды бойынша 47 мыңнан астам жоба жеңілдікпен қаржыландырылды», - деді Әсет Ерғалиев.

Министр Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде экономиканың зардап шеккен салалары бойынша кредиттерді жеңілдікпен қайта қаржыландыру мерзімі ұзартылғанын және 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында 3 айды құрайтынын атап өтті.

Ағымдағы жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша «Бизнестің жол картасы 2025» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламалары шеңберінде жалпы кредит сомасы 232 млрд теңгеге 5 884 жоба субсидияланды, кредит сомасы 87 млрд теңгеге 6 892 жоба бойынша кепілдік берілді. Аграрлық кредит корпорациясы шеңберінде 5,9 млрд теңге кредит сомасына 134 жобаға қолдау көрсетілді.

Ағымдағы жылға арналған Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі өзектендірілген кешенді жоспар 60-тан астам жаңа қолдау шарасын көздейді. Бұл бизнеске жүктемені азайту, кәсіпкерлердің қаржыландыруға қол жеткізуін жеңілдету, сұраныс нарықтарына қол жеткізу, «Smart» реттеу.

«Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпкерлік қызметті жандандыру және жеке капиталды тарту үшін барынша қолайлы және ынталандыратын жағдай жасауға бағытталған жаңа реттеуші саясат әзірленуде. Міндетті талаптар тізілімін енгізу, эксперименттік құқықтық режімді енгізу, мемлекеттік бақылаудың жаңа нысандарын енгізу, кәсіпкерлік субъектілерінің есептілігін автоматтандыру көзделеді», - деді Әсет Ерғалиев.

ҰЭМ ақпараты бойынша, 2020 жылғы үш тоқсанда экономикадағы ШОБ үлесі 30,5%-ке жетті. ШОБ субъектілері 2020 жылы 32,7 трлн теңге сомасына өнім шығарған. Ағымдағы жылғы 1 қаңтарда ШОБ-та жұмыспен қамтылғандар саны 3,4 млн адам.


Қарау саны: 65
Сақталған: 22.06.2021




Таратылымға жазылу

Сайттың саясаты
Сайт материалдарымен жұмыс жасаған кезде дереккөзге міндетті түрде гиперсілтеме жасай отырып, мәтінді пайдалануға рұқсат беріледі. Сайттың редакциясы мақалалар авторларының пікірімен әрқашан келісе бермейді.


     



©2020 Барлық құқықтар сақталған.




... күте тұрыңыз

Хорошая погода, не так ли?

Таратылымға жазылу


Операция сәтті аяқталды.



ҚАТЕ!